Су ресурстары жөніндегі әлемнің ірі халықаралық жоғары оқу орны болып табылатын «IHE Делфт» институты сумен байланысты, оның ішінде докторлық диссертациялар аясында зерттеулер жүргізеді. ЖОО докторанты Бота Шәріпова қазір Сырдария өзенінің бассейнінде трансшекаралық су ынтымақтастығы бойынша зерттеулер жүргізуде. Өзінің ғылыми жарияланымдарында пайдалануға ақпарат алу мақсатында ол
«Қазгидромет» РМК-ге келді.
Трансшекаралық ынтымақтастықты зерттеу және деректер алмасу - шекаралас елдер арасындағы сенімді нығайту шарасы болып табылады. Б.Шәріпова өз жұмысында Сава (Оңтүстік-Шығыс Еуропа) және Сырдария өзендерінің бассейндеріндегі ынтымақтастықты салыстыру әдісін қолданады. Кездесуде Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің мамандары зерттеушінің сұрақтарына жауап беріп, трансшекаралық су объектілері бойынша ынтымақтастық саласындағы тәжірибесімен бөлісті.