2023 жылғы 27 қазанда Шымкент қаласында «Қазгидромет» РМК және Өзбекстан Республикасы гидрометеорологиялық қызмет агенттігі басшыларының қатысуымен отырыс өтті.
Семинарда 2023 жылғы 25-26 қазанда трансшекаралық бекеттерде жүргізілген Сырдария өзені – Чиназ өзені және Сырдария өзені – Келес өзенінің сағасынан жоғары жердегі су шығынын бірлесіп өлшеу жұмысының нәтижелері талқыланды.
«Қазгидромет» РМК және Өзбекстан Республикасы гидрометеорологиялық қызмет агенттігінің мамандары су шығынын өлшеу кезінде бірыңғай әдістеме – «жылдамдық - аудан» әдісі қолданылатынын растады.
Отырыс соңында Трансшекаралық гидрологиялық бекеттерде жүргізілген Сырдария өзені су шығынын бірлесіп өлшеу жұмысы қорытындыларының хаттамасына, сондай-ақ Гидрометеорологиялық ақпарат алмасу саласындағы ынтымақтастықтың 2023-2028 жылдарға арналған жаңартылған бағдарламасына қол қойылды.