Қарашаның бірінші онкүндігінде Қазақстанның басты егін егетін аймағының басым бөлігінде қалыпты жылы ауа райы байқалды. 3-4 күн ішінде жауған жауын-шашын Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген учаскелерінде жаздық дәнді дақылдарды жинауды біршама кешіктірді.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күздік бидай өсірілетін аудандарда жауған жауын-шашын егіс жұмыстарының аяқталуына біршама кедергі келтірді. Түнгі уақытта ауа температурасының минус 1...6°С дейін төмендеуі, қысқы дәнді дақылдардың зақымдануы байқалмады. Жауған жауын-шашын топырақтың ылғалдылығын толықтыруға қолайлы болды.
Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында бақыланатын учаскелердегі күздік бидай егістіктерінде «дәннің өнуі» - «3-ші жапырақ», Алматы облысының Ұзынағаш станциясының айналасында – «түптену» фазасы байқалды. Егіннің жағдайы барлық жерде өте жақсы және жақсы.
Абай және Қостанай облыстарында күнбағыс бақыланатын учаскелерінде егін жинау жалғасуда, егіс жағдайы негізінен жақсы.
Республиканың оңтүстік аймақтарында жеміс дақылдары бар Бақтарда (алма, шие, алмұрт, таңқурай) негізінен «жапырақтардың түсуі» кезеңі байқалады. Бақылау учаскелерінде жемістердің жағдайы өте жақсы және жақсы.
Жайылымдық мал шаруашылығы аудандарында мал жаю барлық жерде жүргізілді. Батыста шөптерді жинау, тасымалдау және маялау жалғасуда. Түркістан облысының Созақ ауданында малдарды айдау жұмыстары жалғасуда.
Жайылымдардағы шөптің жай-күйі негізінен қанағаттанарлық, кейбір жайылымдарда жақсы. Жайылымдар орташа мөлшерде, кейбір аудандарда әлсіз тапталған. Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында, Жамбыл облысының Мойынқұм және Шу аудандарында жайылымдар тапталмаған, Алматы облысының Жамбыл ауданында, Жамбыл облысының Талас ауданында және Батыс Қазақстан облысының Сырым, Казталов, Ақжайық аудандарында қатты тапталған. Жайылымдық мал шаруашылығының басым аймағында шымның дымқыл жағдайы байқалды, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Түркістан облыстарындағы кейбір жайылымдарда құрғақ күйі орын алған.