Қазақстанда қар жамылғысы қашан жайғасады?

IconЖарияланды 29.11.2023

Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде қар жамылғысы желтоқсанның бірінші онкүндігінің соңында, ал республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында айдың екінші жартысында  жайғасады деп деп болжануда.

Желтоқсан айының басында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, сондай-ақ тұман, көктайғақ құбылыстары болады деп күтілуде, ал солтүстік өңірлерде оған қоса ұйытқыған жел мен жаяу бұрқасынның соғуы да жоққа шығарылмайды.

Желтоқсанның бірінші онкүндігінің екінші жартысында оңтүстік аймақтарды қоспағанда, елдің басым бөлігінде аязды ауа-райы күтіледі. Қар жауып,  бұрқасынды жел күшейеді, термометрлердің бағандары түнгі уақытта

-10-20°С-қа, күндіз-3-10°С-қа дейін төмендейді деп болжануда.

 

Күз неге жылы боп тұр?

 

Қазақстан аумағына тән емес жылы күз бен қыстың кеш келуі батыс және оңтүстік циклондардың жиі орын алуымен, сондай-ақ Иран мен Жерорта теңізі аудандарынан жылы ауа массаларының келуімен байланысты. Осыған байланысты Қазақстан аумағындағы температуралық фон климаттық нормадан 3-10° жоғары болды. Метеобақылау тарихында ағымдағы жылдың қараша айы өте жылы болды, жылы ауа-райының жоғарғы шегі 17-18 қараша аралығында байқалды. Соңғы рет ауа-райы жылы  қараша 2010 жылы болды, ол кезде ауа температурасы нормадан 2-7° ауытқыды.  

 

Бұл тарихта қашан байқалды?

 

Көпжылдық бақылаулар бойынша Астана қаласында қар жамылғысының ең кеш жайғасуы 1967 жылғы 15 желтоқсанда (56 жыл бұрын) және 2008 жылғы 14 желтоқсанда (15 жыл бұрын) тіркелді.

Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, елордада қар жамылғысының ерте жайғасуы – 10 қазан, орташа жайғасуы – 10 қараша, ал кеш жайғасуы -15 желтоқсан. Соңғы үш жылда – 2020, 2021, 2022 жылдары қарашаның бірінші онкүндігінің соңында, екінші онкүндігінің басында тұрақты қар жамылғысы тіркеліп, орташа биіктігі 8-13 см құрады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз