Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Биыл Қазақстанда қыс біртіндеп өз құзырына енеді.
Желтоқсанның таяу күндерінде және бір айдың ішінде республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: солтүстік жартысында қар, кейде боранды қар жауады, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жауады (жаңбыр, қар). Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің 15-28 м/с дейін күшеюі күтілуде, айдың басында ҚР солтүстік-батысында және солтүстігінде – жел 30 м/с және одан да көп екпіндері болжанады. Желтоқсанның бірінші онкүндігінің екінші жартысында арктикалық суық ауа массаларының ығысуымен бүкіл елде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді:
Желтоқсанның екінші және үшінші онкүндіктерінде циклондардың әсерінен бірнеше қарқынды жылу толқындары күтіледі:
ҚР солтүстік жартысында ауа температурасы түнде -5-10°С дейін, күндіз 0,-5°С дейін жоғарылайды;
ҚР оңтүстік жартысында түнде -3+3°С дейін, күндіз +5+13°С дейін.
Алайда, жекелеген күндері солтүстік-батыстан енетін суық антициклондардың әсерінен температураның төмендеуі болжанады:
ҚР солтүстік жартысында түнде -20-30°С дейін, күндіз -8-15°С дейін;
ҚР оңтүстік жартысында түнде -10-17°С дейін, күндіз -3-10°С дейін.
Жалпы болжам бойынша желтоқсан айында ел аумағындағы ауаның орташа температурасы нормадан 1-2°жоғары болады деп күтілуде.
Желтоқсанда жауын – шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, республиканың солтүстігінде нормадан көп болады деп болжануда.
Ескерту: бір айға арналған болжамды консультативтік ретінде пайдалану керек, ол кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндікке, аптаға және 1-3 тәулікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады.