2023 жылғы 27 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Таиландтың Бангкок қаласында II Өңірлік қауымдастықтың (РА II-Азия) Гидрология және су ресурстары жөніндегі үйлестіру тобының (CP - Hydrology) екінші бетпе-бет кездесуі, Оңтүстік-Шығыс Азияның гидрологиялық перспективалары жөніндегі бірінші пилоттық форумы, DWAT су ресурстарын бағалау динамикалық моделі бойынша 5-ші Жаһандық семинар өтті.
Кездесулердің мақсаты - Азия елдері арасындағы гидрология және су ресурстары саласындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ гидрологиялық жай-күй мен болжау жүйесін жетілдіру. Бұл кездесулердің маңыздылығы олардың қатысушылар арасында озық білім мен тәжірибе алмасуға ықпал етуінде болды, бұл өз кезегінде аймақтардағы гидрологиялық зерттеулер мен су ресурстарын басқарудың сапасын арттырады.
Аталған кездесуге Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінен (ҚР ҰГМҚ) Климаттық зерттеулер басқармасының бастығы Тұрсын Тілләкәрім ДМҰ CPHydrology РА II тұрақты мүшесі ретінде қатысты. Өз қызметінің нәтижелері мен Қазақстаннан Орталық Азия субөңірінің тұрақты мүшесі, көшбасшысы, ҚР ҰГМҚ гидрологиялық кеңесшісі С. Саиров қызметінің нәтижелері баяндалды.
Су ресурстарын динамикалық бағалау құралы (DWAT) бойынша 5-ші Жаһандық семинарда Оба өзеніне DWAT моделін бейімдеу нәтижелері таныстырылды. Талқылау қорытындысы бойынша қар жамылғысы модулі бар модельді жетілдіру үшін KICT моделін әзірлеушілердің бірлескен жұмысы туралы шешім қабылданды.
Жалпы, гидрология және су ресурстары жөніндегі үйлестіру тобының кездесуі аяқталғаннан кейін Азия өңіріндегі гидрологиялық ынтымақтастықты дамытудағы рөлдер талқыланып, алдағы 2024-2027 жж. сессиясына ұсынымдар әзірленді.