Желтоқсанның үшінші онкүндігінде республиканың оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының күздік дақылдар өсірілетін аудандарында ауа-райы әдеттегіден едәуір жылы болды, ауаның орташа температурасы нормадан 3... 7°С жоғары болған, көптеген аудандарда жауын-шашын нормадан 15-57 мм артық түскен.
Қар жамылғысының биіктігі 2-20 см, Түркістан, Жамбыл облыстарының жекелеген бақылау учаскелерінде қар еріген.
Қар жамылғысының биіктігі 2-20 см болатын күздік бидай өсірілетін елдің оңтүстік-шығыс аудандарда ауаның ең төменгі температурасы минус 9...18°С дейін, оңтүстігінде минус 7...9°С дейін, қардың биіктігі 13-17 см дейін төмендеген. Барлық жерде жаппай еру байқалған (2-9 күн ішінде).
Онкүндіктің соңында оңтүстік-шығыста топырақ 18 см тереңдікке дейін қатқан, республиканың оңтүстігінде топырақтың қатуы іс жүзінде байқалмады, тек Қазығұрт ауданындағы Қазығұрт станциясында топырақ 4 см дейін қатқан.
Көптеген алқаптарда күздік дәнді дақылдардың түптену тереңдігіндегі топырақтың ең төменгі температурасы (3 см) минус 3°С дейін төмендеген. Күздік дәнді дақылдардың вегетациясы қайта басталуы байқалмаған.
Жалпы, желтоқсанның үшінші онкүндігінде топырақ температурасының жоғарылауына байланысты күздік дақылдардың қыстау жағдайлары жақсарған.
Желтоқсанның өткен онкүндігінде мал жаю жайылымдық мал шаруашылығының басым бөлігінде жүргізілген.
Онкүндіктің соңында көптеген аудандарда жайылымдар бірқалыпты тапталған, Алматы облысында (Ауыл №4 станциясы), Жетісу облысында (Ақжар станциясы) және Батыс Қазақстан облысында (Тайпақ станциясы) жайылымдар қатты тапталған.
Жайылымдық мал шаруашылығының басым бөлігінде шым дымқыл болған, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Ұлытау облыстарының кейбір жайылымдарында қатқақ болған.