Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметіне Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев келді. Сапар барысында Министр экологиялық және тексеру зертханасында, Гидрометеорологиялық орталыққта болып, қызметкерлердің еңбек жағдайларымен танысты. Ерлан Нұралыұлы Қазгидромет мамандарымен саланың проблемалық мәселелерін, қызметті іске асыру жөніндегі ағымдағы жоспарларды, кәсіпорынды модернизациялау және жарақтандыру мәселелерінің шешілу жолдарын талқылады, сондай-ақ 2023 жылдың жұмыс қорытындылары туралы баяндаманы тыңдады.
Министр өз сөзінде гидрометеорологиялық қызметтің экологиялық және климаттық мониторинг жұмысына қосқан ерекше үлесін, сондай-ақ климаттың өзгеруіне және қоршаған ортаны сақтауға байланысты зерттеулер мен ғылыми жобаларға тұрақты қатысуын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Ерлан Нұралыұлы Министрлік пен Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі арасындағы ақпарат алмасу және болжамдық және гидрометеорологиялық ақпаратты уақтылы ұсыну саласындағы өзара іс-қимылды жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.