2024 жылғы 16 қаңтарда Жер жүйелері тобының (LSG) басшысы - доктор Даниэль Мюллер мен LSG зерттеушісі-докторант Атабек Өмірбеков Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің басшылығымен кездесті.
Кездесудің мақсаты - неміс ғалымдарымен таныстыру және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ынтымақтастықтың әлеуетті мүмкіндіктерін зерттеу болды.
IAMO - экономикасы өтпелі елдерде ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін шешумен айналысатын танымал ғылыми-зерттеу мекемесі. Жер жүйелері тобы - IAMO-ның ажырамас бөлігі болып табылады және күрделі экологиялық жүйелер туралы мағлұмат алу үшін геокеңістіктік әдістемелерді қолдануға маманданған.
Қазгидромет мамандары осындай зерттеулердің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтіп, өз кезегінде еліміздің аграрлық секторына арналған болжау саласындағы әзірлемелерімен бөлісті, сондай-ақ фермерлерге арналған Agrodata.kz веб-қосымшасымен таныстырды және құрғақшылықты болжау саласындағы жетістіктері туралы айтып берді.