"Қазгидромет" компаниясы Түрік метеорологиялық қызметімен Ынтымақтастық туралы меморандум жобасын талқылады

IconЖарияланды 19.01.2024

2024 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Түркия Республикасының Түрік мемлекеттік метеорологиялық қызметі  Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумды жаңарту, осы құжат шеңберінде өзара іс-қимыл салаларын кеңейту мәселерін талқылау бойынша онлайн кездесу өткізді. 

2017 жылы Қазақстан мен Түркияның гидрометеорологиялық қызметтері арасындағы алдыңғы меморандумға  бес жыл мерзімге қол қойылды.  Бұл кездесудің мақсаты - Меморандумға қайта қол қоюды талқылау, құжаттың жаңа тармақтарын бекіту және екі гидрометеорологиялық қызметтің жұмысындағы түйісу нүктелерін кеңейту және нақтылау болды.

Меморандумға сәйкес екі елдің гидрометеорологтары гидрометеорологиялық, климаттық және синоптикалық болжамдарды жетілдіру, экологиялық мониторинг, оның ішінде трансшекаралық ынтымақтастық саласындағы тәжірибені пайдалану, сондай-ақ қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша оқыту және кеңес беру бөлігінде бірлескен қызмет жүргізеді.

Меморандум жобасы келісілгеннен кейін қазақстандық және түрік мамандары құжатқа ресми түрде қол қоятын болады.

 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз