2024 жылдың 21 қаңтарынан бастап "Қазгидромет" РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының мамандары ТЖД өкілдерімен бірлесіп Ойыл өзені мен Қарғалы су қоймасының жоғарғы ағысында қар түсірілімі жұмыстарын орындауға шықты.
Қазіргі уақытта облыс бойынша қар жиналу процесі жалғасуда. Зерттеу нәтижелері бойынша су тасқыны қаупі төніп тұрған аймақтар алдын-ала бағаланды. Метеорологиялық станциялардың деректеріне сәйкес облыс бойынша 2023 жылғы қараша-2024 жылғы 23 қаңтар аралығында жиналған жауын-шашын мөлшері 52,7 мм-ден 111 мм-ге дейін ауытқиды, бұл нормадан аз және оған жуық. Қардағы су қоры да нормадан аз және оған жуық.
Су тасқыны қаупі төніп тұрған аудандарды бағалау жауған жауын-шашынның мөлшеріне, жауын-шашынның көптігі, температураның күрт көтерілуі, топырақтың ылғалдылығы және оның қату тереңдігі сияқты метеорологиялық факторларға байланысты болады.