Қаңтардың екінші онкүндігінде республиканың оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы күздік бидай себілген аудандарда онкүндіктегі орташа ауа температурасы нормадан 2-4°С жоғары болған, жауын-шашын нормадан көп жауған.
Онкүндіктегі жауған жауын-шашын қар жамылғысының биіктігінің артуына ықпал еткен, оңтүстік-шығыста қар жамылғысының биіктігі 8-15 см, кей жерлерде 17-27 см дейін, оңтүстікте 2-7 см аспаған. Оңтүстік-шығыстағы топырақ пен қар бетінің минималды температурасы минус 19...29°С, оңтүстікте минус 2...13оС дейін төмендеген, бұл қысқы дәнді дақылдардың қыстауына қолайсыз жағдай туғызды және қар жамылғысы болмаған немесе шамалы болған кезде дақылдардың үсіп кетуіне әкелуі мүмкін. Жаланаш, Мерке метеостанцияларының маңайларында және жеке аудандарында өсімдіктерге қорғаныш әсер болатын тереңірек қар жамылғысы (21-27 см) орнаған.
Оңтүстік аймақтарда орын алған 1-ден 4 күнге дейінгі қарқынды еру, күздік бидайдың әлсіз дамыған дақылдарының қысқы төзімділігін төмендетуі мүмкін.
Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күздік бидайдың түптену түйінінің тереңдігіндегі топырақтың минималды температурасы 0оС минус 3 оС дейін болған.
Күздік бидайдың қыстауына қанағаттанарлық агрометеорологиялық жағдайлар орын алған. Онкүндік ішінде вегетациялық кезеңнің қайта басталуы байқалмады.
Онкүндіктің соңында көптеген облыстарда жайылымдар бірқалыпты тапталған, қатты тапталған жайылымдар Алматы облысында (Ауыл №4 станциясы), Жетісу облысында (Ақжар станциясы), Батыс Қазақстан облысында (Бұлдұрта, Жалпақтал және Тайпақ станциялары), Қарағанды облысында (Бектауат станциясы) байқалған.
Жайылымдық мал шаруашылығының басым бөлігінде шымның қатқақ болуы байқалған Жетісу және Маңғыстау облыстарының кейбір жайылымдарында шым дымқыл болған.