2024 жылғы 3 қаңтардан бастап "Қазгидромет" РМК Ақмола облысы бойынша филиалының мамандары ТЖД өкілдерімен бірлесіп Жабай өзенінің бассейніне қосымша маршруттық зерттеу жүргізді.
Зерттеу нәтижелері бойынша кейбір жерлердегі топырақ бетінде 5 мм-ден бастап 30 мм-ге дейін жететін мұз қабығы байқалғанын атап өткен жөн, бұл су тасқыны кезеңінде қар суының өзенге ағу жылдамдығына әсер етуі мүмкін.
Метеорологиялық станциялардың деректеріне сәйкес облыс бойынша 2023 жылғы қараша - 2024 жылғы 25 қаңтар аралығында жиналған жауын-шашын мөлшері 39 мм-ден 169 мм-ге дейін ауытқиды, бұл нормаға жуық және нормадан 2 есе артық.
Қар өлшеу маршруттарының нәтижелеріне сәйкес 2024 жылғы 20 қаңтардағы жағдай бойынша облыс аудандарында қардың орташа биіктігі және қардағы су қоры өткен жылғы мәндердің (2024 ж. – 18 см және 50 мм, 2023 ж. – 20 см және 46 мм), сондай-ақ көпжылдық мәндердің (қаңтардың 2-онкүндігіндегі көпжылдық деректер - 21 см және 54 мм, 2024 ж. – 21см және 60 мм) шегінде екендігі анықталды.
Қазіргі уақытта облыс бойынша қар жиналу процесі жалғасуда.
ТЖД деректері бойынша Целиноград, Аршалы, Атбасар, Сандықтау, Астрахан аудандарына су басу қаупі жоғары өңірлер деген алдын ала баға берілді.