2024 жылғы ақпан айындағы консультативтік ауа райы болжамына сәйкес республиканың басым бөлігінде ауаның орташа температурасы нормадан 1-2° жоғары, Шығыс Қазақстан облысында, Алматы мен Жетісу облыстарының оңтүстік-шығыс жартысында, Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарының тау және тау бөктеріндегі аудандарында норма шамасында күтіледі.
Ақпан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде климаттық норма шамасында, тек Атырау облысында, Қостанай облысының солтүстік жартысында, еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарының тау және тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп болады деп болжануда.
Ақпан айында күндізгі тәулік уақыты шамамен 2-3 сағатқа ұзарады. Оңтүстік аудандарда ауаның орташа тәуліктік температурасы 0°-тан асып, оң көрсеткіштерге қарай жылжуда.
Қаңтар айына қарағанда тұман мен көктайғақ жиі байқалады.
Болжам бойынша, ақпан айының бірінші онкүндігінің басында және соңында Қазақстан Республикасының басым бөлігінде белсенді циклондар мен қар, бұрқасын күтіледі, оңтүстік облыстардың таулы аудандарында қатты қар жауады, бірінші онкүндіктің ортасында жауын-шашын жаңбыр мен жылбызғы қар түрінде болады. Тұрақсыз ауа райы тұманмен, көктайғақпен және желдің 15-28 м/с дейін күшейуімен бірге болады. Ақпан айының бірінші онкүндігінің ортасында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының жоғарылауы күтіледі:
батыс аудандарда: түнде -3-14°С-тан -5+3°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-тан -3+5°С-қа дейін;
солтүстікте және орталықта: түнде -10-23°С-тан -3-10°С-қа дейін, күндіз -5-15°С-тан -5+2°С-қа дейін;
еліміздің шығысында: түнде -10-25°С-тан -2-10°С-қа дейін, күндіз -2-12°С-тан -2+3°С-қа дейін;
оңтүстік облыстарда: түнде -8-15°С-тан -3+3°С-қа дейін, күндіз -8+3°С-тан +5+13°С-қа дейін.
Бірінші онкүндіктің соңында температуралық фон еліміздің солтүстік-батыс жартысында, содан кейін Қазақстан Республикасының қалған аймақтарында төмендеуі болжанады.
Қыстың соңғы айының екінші және үшінші онкүндігінде облыстардың басым бөлігінде аяздар мен жылы күндердің алмасуы болады.
Республиканың солтүстік жартысында температуралық фон түнде -3-12°С-тан-15-25°С-қа дейін, күндіз -5+3°С-тан -8-13°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде -9-14°С-тан -8+3°С-қа дейін, күндіз -1-6°С-тан +7+15°С-қа дейін ауытқуы болжанады.