Қыстың екінші айы, болжағандай жылы және жауын-шашынды болды.
Бір ай ішінде синоптикалық процестердің жиі өзгеруі басым болды, бұл температура фонының қарқынды ауытқуларын тудырды. Жылы қарлы күндер ашық аязды күндермен алмасты. Айдың бірінші онкүндігі өте жылы болды. Ауа температурасының орташа аномалиясы нормадан 1-13° жоғары болды және температуралық рекордтары тіркелді.
(Анықтама: 1 қаңтарда Маңғыстау облысында Аққұдық метеостанциясында (бұдан әрі - М) ауа температурасы күндіз +11,1°С дейін көтерілді, бұл осы күн үшін рекордтық көрсеткіш болды, бұл күннің алдыңғы рекорды 2003 жылы +8,9°С болған, 8 қаңтарда Ақтау М-да күндіз ауа температурасы +11,1°С болды, 1988 жылғы рекордты асып түсті (+4,7°С). 10 қаңтарда Семей М-да +6,3°С тіркелді, 1988 жылғы рекордтан асты (+1,3°С), Павлодар М-да ауаның ең жоғары температурасы +3,1°С-қа дейін көтерілді, 2018 жылғы рекордтан асты (+0,3°С), Балқаш М-да күндіз ауа +7,1°С-қа дейін жылынды, алдыңғы 1988 жылғы рекордтан асты (+1,2°C).
Оңтүстік аймақтарда ауа райы көктемгідей жылы болды. Сонымен, 10 қаңтарда күндіз Тараз қаласында ауа +18,6°С-қа дейін жылынды, 2018 жылғы рекордтан асты (+9,1°С), Шардара М-да ең жоғары ауа температурасы +15,4°С-ты құрап, 2004 жылғы рекорд (+10,8°С) жаңартылды. 14 қаңтарда Алматы қаласында ауаның максималды температурасы +11,3°С құрады, соңғы рет бұл күн үшін абсолютті максимум 2001 жылы +10,9°С болған.
Бірақ аязды күндерсіз болған жоқ. Айдың екінші онкүндігінде Батыс Сібір аудандарынан және Арктика теңіздерінен суық ауа массаларының енуімен, елдің солтүстік жартысындағы ауа температурасы түнде -25-40°С-қа дейін төмендеді.
Осы айдың ішінде елдің солтүстік жартысында қар жиі жауғаны байқалды, кей уақытта қатты қар жауды, ал оңтүстік жартысында – қар аралас жаңбыр жауды. Еліміздің шығысында жауын-шашынның мөлшері бір айлық нормадан асты: 9 қаңтарда Аягөз М-да 22 мм қар жауды (бір айдағы норма мөлшері 18 мм), Теректі М-да 37 мм қар жауды (бір айдағы норма мөлшері 30 мм), 11 қаңтарда Ұржар М-да 30 мм (бір айдағы норма мөлшері 46 мм), Марқакөл М-да 30 мм (бір айдағы норма мөлшері 31 мм) қар жауды.
Астана қаласында температуралық фон климаттық нормадан 2,6° жоғары болды. Ең жоғары ауа температурасы 10 қаңтарда +1,2°С болды. Ең төменгі ауа температурасы 16 қаңтарда -28,4°С болды. Бір айда 45 мм жауын-шашын жауды (бір айдағы норма мөлшері 18 мм), бұл 251% құрады, яғни норма көрсеткішінен 2,5 есе көп болды.