Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасындағы келісімнің негізінде
2024 жылдың қаңтар мен ақпан айларында "Физикалық және экономикалық география" кафедрасының студенттері өндірістік практикадан өтуде.
"Қазгидромет" РМК мен ЕҰУ мақсаты - студенттерді болашақ мамандығының өндірістік мәселелерімен таныстыру және жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
"Қазгидромет" РМК Гидрология департаментінің қызметкерлері өз жұмыстарын мысал ретінде келтіре отырып, болашақ географтар мен гидрологтарға Қазақстандағы су тасқынын болжау және еліміздің су объектілерінің деңгейін мониторингілеу жөнінде айтып берді. Қазақстанның су объектілері туралы режимдік, жедел және болжамдық гидрологиялық ақпараттың қалай әзірленетінін көрсетті. Сонымен қатар, Ауа райы қызметінің жүз жылдық мерейтойы аясында ашылған Қазгидромет мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.