2024 жылғы 9 ақпанда Ресейдің Мәскеу қаласында Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы ведомствоаралық келісімнің шеңберінде Қазақстан Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі мен Гидрометеорология және қоршаған орта мониторингі жөніндегі федералдық қызмет делегацияларының жетінші ресми кездесуі өтті.
Қазгидрометтің бас директоры Данара Әлімбаева және Росгидрометтің басшысы Игорь Шумаков құттықтау сөзін сөйлеп, гидрометқызметтердің ағымдағы жұмысы туралы қысқаша баяндама жасады.
Тараптар 2018 жылғы қыркүйекте Астана қаласында өткен алтыншы ресми кездесуден бергі кезеңдегі ынтымақтастық нәтижелерін талқылап, оны тұрақты негізде жалғастыруды көздеп отырғандарын растады. Сонымен қатар, "Қазгидромет" және "Росгидромет" компанияларының 2019-2023 жылдарға арналған жедел-өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде гидрометеорологиялық бақылаулар мен өнімдер жөніндегі жедел деректермен алмасудың ойдағыдай жүзеге асырылып жатқаны атап өтілді.
Қызметтердің басшылары гидрометеорологиялық бақылау деректерімен жедел алмасуды жалғастыру қажеттілігі мен оған деген мүдделілікті атап өтті және 2024-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.
Делегациялардың келесі ресми кездесуі Қазақстанда өтетін болады.