Қазгидромет құрлықтың жер үсті суларының көп жылдық деректерін қолжетімді етті

IconЖарияланды 13.02.2024

2022 жылы Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің сайтында «Мемлекеттік су кадастры. Жер үсті сулары.» қосымша парағы пайда болды. Бұл бөлімде 1936-2021 жылдар аралығындағы Қазақстанның барлық өзендері, көлдері мен теңізі бойынша жер үсті суларының режимі мен ресурстары туралы жыл сайынғы деректер қолжетімді болды.  2024 жылдың қаңтар айынан бастап құрлықтың жер үсті суларының режимі мен ресурстары туралы көпжылдық деректер бөлімі қолжетімді етілді.

Көп жылдық деректерде көлдер мен су қоймаларының орташа айлық су деңгейі, судың деңгейлері, жағадағы және су қоймасы акваториясының жер үсті қабатындағы судың температурасы, мұз құбылыстары және мұздың қалыңдығы туралы мәліметтер қамтылған. Көп жылдық деректер гидролог,  географ мамандарға, сондай-ақ жер үсті суларын пайдалануға байланысты мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлеріне арналған. Болашақта екі бөлім де жетілдіріліп, толықтырылатын болады.

«Мемлекеттік су кадастры. Жер үсті сулары.» қосымша парағына https://www.kazhydromet.kz/ru/gidrologiya/gosudarstvennyy-vodnyy-kadastr-poverhnostnye-vody сілтемесі арқылы қол жеткізуге болады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз