Ақпанның бірінші онкүндігінде республиканың оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының күздік дақылдар себілетін аудандарында температуралық фон көбінесе нормадан 1...4ºС жоғары болған, жауын-шашын оңтүстік-шығыста нормаға жуық және нормадан төмен, ал елдің оңтүстігінде нормадан көп жауған.
Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 2-6 күнге дейін орын алған қарқынды жылымық оңтүстікте ауа температурасы минус 9ºС дейін және оңтүстік-шығыста минус 9...17ºС дейін, кей жерлерде минус 19...22ºС дейін ауысқан кезде, күздік бидайдың нашар дамыған дақылдарының қысқы төзімділігіне әсер етуі мүмкін (даму кезеңі: көктеу - 3-ші жапырақ).
Алматы облысында күздік дақылдар себілген аудандарда онкүндіктің соңғы күні қар жамылғысының биіктігі 10-нан 13 см дейін болған, Жаланаш метеостанциясының маңайында өсімдіктерге қорғаныш әсер еткен 29 см дейінгі тереңірек қар жамылғысы орнаған.
Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарында онкүндіктің соңғы күнінде қар жамылғысы 5-11см-ден 15-30 см-ге дейін жеткен, кей жерлерде температураның төмендеуі күздік бидайдың қыстау жағдайларына әсер етуі мүмкін.
Күздік бидайдың түптену тереңдігіндегі (3 см) топырақтың минималды температурасы Алматы облысында минус 4ºС, Жамбыл облысында және Түркістан облысында 0ºС құраған.
Агрометеорологиялық жағдайлар күздік бидайдың қыстауына қанағаттанарлық болған, жылымық ауа-райына байланысты өсімдіктердің қысқа төзімділігі төмендеген.
Онкүндіктің соңында көптеген облыстарды жайылымдар бірқалыпты тапталған, қатты тапталған жайылымдар Алматы облысында (Айдарлы станциясы), Жетісу облысында (Ақжар станциясы), Батыс Қазақстан облысында (Бұлдұрт, Тайпақ, Жалпақтал станциялары).
Жайылымдық мал шаруашылығының басым аумағында шымның қатқақ күйі байқалған, кейбір жайылымдарда Жетісу, Жамбыл, Алматы, және Маңғыстау облыстарында шым дымқыл болған.