«Қазгидромет» РМК 2024 жылғы су тасқыны бойынша негізгі болжамды шығарды

IconЖарияланды 04.03.2024

Қазақстанның жазық өзендерінде көктемгі су тасқыны ағынының күтілетін көлемі 2024 жылғы 01 наурыздағы жағдай бойынша гидрометеорологиялық бақылаулар мен өлшеулер деректеріне сәйкес жасалды.

«Қазгидромет» РМК өңделген «NASA» спутниктерінің ЖҚЗ (Жерді қашықтықтан зондтау) суреттері бойынша 2024 жылғы 01 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанның қармен жабылған аумағы 72% құрайды.

Жауын-шашынның мөлшерін, қардағы су қорын, топырақтың күзгі ылғалдылығының көрсеткіштерін, топырақтың қату тереңдігін, сондай-ақ өзендердің мұз режимдерін талдай отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын-ала баға берілді.

Қатерлері жоғары өңірлер: Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстары.

Қатерлері орта: Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Ұлытау облыстары.

Қатерлері төмен: Маңғыстау облысы.

 

Орташа көпжылдық мәндер бойынша ылғал қорларының көлемі:

  • Қарағанды облысында 30-49% төмен;
  • Ұлытау облысында 13 және 20% төмен;
  • Ақмола облысында Қалқутан, Жабай және Шағалалы өзендерінің бассейндерінде орташа көпжылдық мәндерден 21-43% - ға жоғары, ал Селеті (Селеті су қоймасына саласы), Есіл және Мойылды (Астана су қоймасына саласы) өзендерінің бассейндерінде 26-40% - ға төмен;
  • Солтүстік Қазақстан облысында 57 % жоғары;
  • Қостанай облысында Тобыл, Аят (Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймаларына салалары) және Тоғызақ өзендерінің бассейндерінде 30-98% жоғары, ал Торғай және Қараторғай өзендерінің бассейндерінде 20-23% төмен.
  • Ақтөбе облысында Ойыл және Қосистек өзендерінің бассейндерінде 26 және 52% жоғары, Ор өзенінің бассейнінде орташа көпжылдық мәндер шегінде, Қарғалы (Қарғалы су қоймасына саласы), Ілек (Ақтөбе су қоймасына саласы), Ырғыз және Темір өзендерінің бассейндерінде 16-68% төмен;
  • Батыс Қазақстан облысында 17-43% төмен;

- Атырау облысында Ембі өзенінің бассейнінде 62% - ға төмен.

 

Қазіргі уақытта қар жиналу процесі жалғасуда.

 

Топырақтың қату тереңдігі негізінен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында былтырғы көрсеткіштерден орташа есеппен 1-ден 91 см-ге дейін төмен. Ақмола (Қалқұтан, Есіл) және Қарағанды (Тоқырау) облыстарының жекелеген бассейндерін қоспағанда, топырақтың қату тереңдігі былтырғы көрсеткіштерден 11-ден 33 см-ге дейін жоғары.

Сондай-ақ, Қарағанды облысының Нұра және Шерубайнұра, Ұлытау облысының Кеңгір және Сарысу, Ақмола облысының Есіл, Сілеті (Сілеті су қоймасына құйылу), Шағалалы және Жабай, Солтүстік Қазақстан облысының Есіл, Қостанай облысының Тобыл, Аят және Торғай, Ақтөбе облысының Ілек, Ойыл және Ырғыз, Батыс Қазақстан облысының Чижа-2, Утва, Дерқұл, Шаған, Өлеңті мен Шідерті, Атырау облысының Ембі өзендерінің бассейндерінде топырақ бетінде қалыңдығы 6,6 см-ге дейін мұз қабықтары байқалады.

Наурызда температураның күрт көтерілуі және қатты жаңбыр болған жағдайда, бұл еріген қар мен жаңбыр тасқынының пайда болуына әкелуі мүмкін.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз