NASA спутниктері суреттерінің деректері бойынша 1.03-7.03.2024 ж. кезеңінде «Қазгидромет» РМК есептеген Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 72%-дан 68%-ға дейін азайды.
Синоптикалық болжамға сәйкес 2024 жылғы 09-15 наурыз аралығында елдің басым аумағында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ құбылыстары, тұман, желдің күшеюі, солтүстік, орталық өңірлерде боранмен тұрақсыз ауа-райы күтіледі. Қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) елдің орталықғында наурыздың 09 және 12-де, шығысында наурыздың 10, 12-13-де, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында (наурыздың 9-да Қызылорда, наурыздың 09, 10-ны түнгі уақытта және 12-де Түркістан, наурыздың 09, 12-13 Жамбыл, наурыздың 12-13 Алматы және Жетісу облыстарында), оңтүстік аймақтарда кезеңнің бірінші жартысында көбінесе жаңбыр түрінде.
Кезеңнің бірінші жартысында оң температуралық фон елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында және шығысында болжанады.
2024 жылдың 9-10 наурыз аралығында температуралық фонның жоғарылауы мен қатты жауын-шашын (жаңбыр) болжамына байланысты Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, Жамбыл облысының Сарысу, Талас және Жуалы аудандарында баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
9-10 наурызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және солтүстік-шығыс аудандарында (Глубокое, Шемонаиха және Алтай аудандары) жаңбыр түріндегі көп жауын-шашын және температуралық фонның көтерілуі болжанады. Осыған байланысты қардың қарқынды еруі күтілуде. Қардың едәуір мөлшерін және қар жамылғысында да, топырақта да мұз қабығының болуын ескере отырып, еріген суды топыраққа сіңіру қиынға соғады, нәтижесінде жер үсті су ағыны пайда болады және су басуы мүмкін.
Қазақстанның жазық аумағындағы өзендердің алаптарында жинақталған ылғал қорының көлемі келесідей қалыптасты:
- Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша орта есеппен 27% - дан 52% - ға дейін төмендеді.
- Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша орта есеппен 12% - дан 63% - ға дейін төмендеді.
- Ақтөбе облысы бойынша 4% - дан 15% - ға дейін төмендеді.
- Батыс Қазақстан облысы бойынша орта есеппен 28% - дан 67% - ға дейін төмендеді.
- Қостанай облысы бойынша орта есеппен 16% - дан 51% - ға дейін төмендеді.
Шығыс Қазақстан, Абай, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының таулы өзендерінде ел аумағында қалыптасқан су тасқыны қатты жауын-шашынға байланысты.
Метеостанциялардағы көпжылдық бақылаулардың деректері бойынша наурыз, сәуір айларында тәулік ішінде жауын-шашынның айлық нормасы түсуі мүмкін, бұл қауіпті стихиялық гидрометеорологиялық құбылыстардың туындауына әкеп соғуы мүмкін.