2024 жылғы 4 және 5 наурызда Түркияның Анталия қаласында Орталық Азиядағы су және жер ресурстары арасындағы байланыс бағдарламасы (CAWLN) бойынша семинар өтті. Семинардың мақсаты - өңірдің су ресурстарын тұрақты басқаруға, су қауіпсіздігін арттыруға, ауыл шаруашылығын басқаруға және климаттың өзгеруіне қарсы күресті жоспарлауға бағытталған бағдарлама мен оның жобаларын іске асыруда барлық бес ел мен ұйымдардың өкілдерін біріктіру болып табылады.
Семинарға қатысушылар - су, экология және ауыл шаруашылығы салалары үшін жауапты министрліктер мен агенттіктердің өкілдері, сондай-ақ Орталық Азия елдері гидрометеорологиялық қызметтерінің мамандары. Бағдарлама негізгі нәтижелерге қол жеткізуге, атап айтқанда бес ел арасында озық тәжірибелермен және технологиялармен алмасуға, су ресурстарын сақтауға және ұтымды басқаруға мүмкіндік беретін кедергілерді жоюға бағытталған бес компоненттен тұрады.