Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Ақпанның бірінші онкүндігінде Қазақстанның барлық аумағында айтарлықтай күн жылынды, температуралық режимде де, жауын-шашын мөлшері бойынша да рекордтар орнатылды.
8-10 ақпанда жылу мен ылғалдың үлкен қоры бар Атлантикалық циклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде температуралық фонның жоғарлауына және қатты жауын-шашынның түсуіне себеп болды. Мысалы, 8 ақпанда Ақтау метеостанциясында (бұдан әрі - М) (Маңғыстау облысы) ауаның ең жоғары температурасы +11,8°С, 2004 жылғы (+11,1°С) рекорд жаңартылды, Атырау (Атырау облысы) бойынша абсолюттік максимум +10,0°С құрады, осылайша 2020 жылғы (+9,4°С) рекорд жаңартылды, Орал М (Батыс-Қазақстан облысы) термометр бағанасы +2,8°С белгісіне жетті, осылайша 1958 жылғы (+2,4°С) рекорд жаңартылды, Қызылордада ең жоғары ауа температурасы +14,5°С болды, 2020 жылғы рекорд (+12,5°С) жаңартылды, Павлодарда (Павлодар облысы) абсолюттік максимум +4,1°С болды, осылайша, 2015 жылғы (+3,4°С) рекорд жаңартылды, Түркістанда (Түркістан облысы) +16,8°С белгіленді, осылайша 2006 жылғы (+15,4°С) рекорд жаңартылды, дегенмен, жалпы Түркістан облысы бойынша бұл күні +20°С дейін жылынды. 10 ақпанда Ақтау М абсолюттік максимум +11,4°С құрады, осылайша 1990 жылғы (+11,1°С) рекорд жаңартылды, Алматыда абсолюттік максимум +15,4°С құрады, 2015 жылғы (+14,4°С) рекорд жаңартылды, Жезқазған М (Ұлытау облысы) термометр бағанасы +2,8°С белгіге жетті, 1996 жылғы (+2,6°С) рекорд жаңартылды, Қарағандыда (Қарағанды облысы) ауаның ең жоғары температурасы +4,5°С байқалды, осылайша 1946 жылғы рекорд (+2,9°С) жаңартылды, Қызылордада (Қызылорда облысы) күн +15,0°С дейін жылынды, 1996 жылғы (+12,6°С) абсолюттік максимум жаңартылды, Павлодарда (Павлодар облысы) ауаның ең жоғары температурасы +4,8°С тіркелді, бұл 1999 жылғы рекордтан жоғары болды (+2,4°С), Семейде (Абай облысы) абсолюттік максимум +5,6°С құрады, осылайша 2020 жылғы (+3,7°С) рекорд жаңартылды.
Ақпан айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан 1,3-6,6 есе көп болды. Мысалы, 6 ақпанда Атырау облысында жауын-шашын айлық нормадан көп түсті: Атырауда -14 мм ( норма 12 мм), Қарабау М - 15 мм, бір айда норма 12 мм, Пешной М - 12 мм (норма 10 мм), 7 ақпанда Қаратөбе М (Батыс Қазақстан облыс) - 18 мм (норма 15 мм), 9 ақпанда Красноармейка М (Павлодар облысы) - 14 мм, бір айда норма 10 мм, 11 ақпанда Лениногорск М (Шығыс Қазақстан облысы) - 24 мм (норма 22 мм), Үлкен Нарын М - 18 мм (норма 15 мм), Жалғызтөбе М (Абай облысы) - 23 мм (бір айдағы норма 13 мм), Қарауыл М (Абай облысы) - 23 мм (норма 7 мм), 15 ақпанда Теректі М (Шығыс Қазақстан облысы) - 28 мм (норма 23 мм), Қайнар М (Абай облысы) - 8 мм (норма 6 мм), Шалабай М - 22 мм (норма 17 мм), Қарауыл М - 20 мм (норма 13 мм), Самарка М - 26 мм (норма 23 мм), 16 ақпанда Қарашоқы М (Алматы облысы) - 17 мм (норма 14 мм), Шелек М-де (Алматы облысы) - 19 мм (норма 17 мм) түсті.
Елордада 9 ақпанда термометр бағанасы +4°С белгісіне жетті, 2004 жылғы рекорд жаңартылды (+1,1°С), ал ең төменгі ауа температурасы 16 ақпанда -33,2°С тіркелді. Бір айдағы орташа ауа температурасы -13,5°С болды, бұл норма шамасында болды (норма: -13,6°С). Бір айда жауған атмосфералық жауын-шашын мөлшері 27,5 мм құрады, бұл нормадан 1,6 есе асып түсті, бір айдағы норма 17 мм.