Астана қаласының «Флагман» физика-техникалық лицейінің оқушылары Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің мұражайы мен гидрометеорологиялық орталығына экскурсияға келді.
7-9 сынып оқушылары өз оқу орнының аумағында шағын метеорологиялық станция құруды мақсат еткен. География пәнінің мұғалімі Юлия Александровна Сидоренко жобаның жетекшісі, ал Қазгидромет қызметкерлері кеңесші болып белгіленді.
Балаларға метеорологиялық станциялардың жұмысы туралы айтылып, тарихи және заманауи құрылғылар көрсетілді, сондай-ақ олардың жұмыс істеу қағидаты таныстырылды. Синоптиктер метеостанция құрылған кезде балалардың ойдағыдай жұмыс жүргізе алатынына сенім білдірді.