Бүгінгі таңда Қазақстандағы гидрометеорологиялық жағдай келесідей қалыптасуда: Қазақстанның қар жамылғысының ауданы жетпіс екі пайыздан алпыс алты пайызға дейін азайды.
Еліміздің жазық өзендерінде ылғал қорының көлемі біркелкі таралмауын көрсететің, 1 наурыздан 7 наурызға дейінгі аралықтағы деректер келесідей:
Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы Нұра және Шерубайнұра өзен алаптарында жиырма жеті және елу екі пайызға азайса, Кеңгір өзені алабында орташа көпжылдық көрсеткіштердің шамасында.
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы Есіл өзені алабына келіп кұятын Қалқұтан өзені алабында он екі пайызға азайды. Ал Жабай, Сілеті, Шағалалы өзен алаптарында және Сергеев су қоймасына дейінгі аралықта тиісінше жиырма сегізден алпыс пайызға дейін ұлғайды.
Ақтөбе облысындағы Ілек және Қарғалы өзен алаптарында сәйкесінше төрт және он бес пайызға ұлғайды.
Батыс Қазақстан облысындағы Шыңғырлау өзен алабында орташа көпжылдық көрсеткіштердің шегінде, Шежін-2 өзен алабында жиырма сегіз пайызға азайды. Деркөл және Шаған өзен алаптарында алпыс жеті және қырық бір пайызға ұлғайды.
Қостанай облысындағы Жоғарғы Тобыл су қоймасынан жоғары жатқан өзен алаптарында он алты пайызға, ал Қаратомар су қоймасына келіп құятын торабы алабында елу бір пайызға азайды.
Таулы өзендер алаптарында жағдай келесідей:
Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы Ертістің оң жағалауындағы өзен алаптарында алпыс тоғыз пайызға, Бұқтырма су қоймасы аймағында жүз пайызға, Ертістің сол жағалауындағы өзен алаптарында қырық бір пайызға орташа көпжылдық көрсеткіштерден жоғары, ал Тарбағатай жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі өзен алаптарында орташа жылдық көрсеткіштердің шамасында.
Жамбыл облысындағы Қаратау жотасының солтүстік-шығыс беткейіндегі өзен алаптарында жиырма жеті пайызға, Қырғыз жотасының солтүстік беткейіндегі өзен алаптарында орташа көпжылдық көрсеткіштерден жетпіс бір пайызға төмен.
Түркістан облысындағы Арыс өзені алабында орташа көпжылдық көрсеткіштердің шамасында, Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі өзен алаптарында жиырма алты пайызға, Талас Алатауының солтүстік-батысындағы өзен алаптарында жиырма бір пайызға орташа көпжылдық көрсеткіштерден төмен.
Алматы және Жетісу облыстарындағы Іле Алатауының оңтүстік беткейі және Кетмен жотасының солтүстік беткейіндегі өзен алаптарында, Жетісу Алатауының және Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі өзендер алаптарында орташа көпжылдық көрсеткіштердің щамасында.
16-19 наурыз аралығында жауын-шашынсыз ауа райы, және температураның жоғарылауы болжанады.
Наурыздың үшінші онкүндігінде ҚР басым бөлігінде, батыс өңірлерін есептемегенде, қар, бұрқасын, екпінді жел болжанады.
Наурыз айының соңына қарай ауа температурасы еліміздің солтүстік жартысында түнде +3°С дейін, күндіз +13°С дейін, оңтүстікте - түнде +2+10°С дейін, күндіз +15+21°С дейін жоғарылайды.
Сәуір айында ауаның орташа температурасы ҚР басым бөлігінде нормадан 1° жоғары, ҚР солтүстік – батыс жартысында норма шамасында күтілуде.
Жауын - шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде нормадан көп, Қазақстанның солтүстік-шығысында, орталығында және оңтүстік облыстарының солтүстігінде нормаға жуық болады деп болжанады.
Бірінші онкүндіктің соңында айтарлықтай жылу толқыны күтіледі - республиканың басым бөлігінде күндіз ауа температурасы +10+20°С, елдің оңтүстігінде +22+30°С болады.
Сәуірдің екінші және үшінші онкүндіктерінде температураның ауыткуы күтіледі:
Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Ұлытау, Абай облыстарының солтүстік жартысында түнде -5+5°С-тан +3+8°С-қа дейін, күндіз 0,+8°С-тан +15+20°С-қа дейін;
Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында түнде 0,+5°С-тан +3+12°С-қа дейін, күндіз +10+15°С-тан +17+25°С-қа дейін.
Наурыздың үшінші онкүндігінің басында температура фонының төмендеуі күтіледі:
елдің басым бөлігінде түнде -10-20°С дейін, күндіз -2-7°С дейін;
Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында түнде 0, -7°С дейін, күндіз +7+12°С дейін.
Наурыз айының соңында ауа температурасы жоғарылайды:
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарында түнде -5+3°С дейін, күндіз + 3+13°С дейін,
Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында - түнде +2+10°С дейін, күндіз +15+21°С дейін.
Жазық және таулы өзен алаптарындағы жинақталған ылғал қорын, сондай-ақ күзгі ылғалдылық пен топырақтың тоңдану тереңдігін ескере отырып, қазіргі уақытта су тасқыны қаупі жоғары жекелеген аймақтарға ерекше назар аудару қажет. «Қазгидромет» мамандарының бағалауы бойынша наурыз айының соңына қарай ауа температурасының фоны көтеріліп, қардың қарқынды еруі және су басу қаупіне әкеледі. Сонымен қатар Ресей Федерациясымен шекаралас аймақтарға, атап айтқанда Жайық өзені мен оның салалары және Тобылдың алаптарына ерекше назар аудару қажет. Қазір Орынбор және Челябі облыстарында, сондай-ақ Башқұртстан Республикасында, Росгидрометтің мәліметі бойынша, жиналған қар көлеміне байланысты қолайсыз су тасқыны жағдайы қалыптасты.
«Қазгидромет» мамандары тұрақты негізде апаттық гидрометеорологиялық құбылыстар туралы дауылды ескертулер шығарады, олар жергілікті атқарушы органдар мен Төтенше жағдайлар министрлігіне жергілікті шешімдер қабылдау үшін беріледі.
Қатерлері жоғары өңірлер: Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстары.
Қатерлері орта: Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Ұлытау облыстары.
Қатерлері төмен: Маңғыстау облысы.
Гидрологиялық мониторинг 377 гидрологиялық бекеттерде жүргізіледі, өзендердегі су деңгейінің күрт және қауіпті ауытқуы кезеңінде бақылау жиілеп жүргізіледі.