«Қазгидромет» AirKZ мобильді қосымшасында градация шегі неге 1 ШЖШ ретінде белгіленгенін, ал ақпараттық бюллетенде жоғары ластану жағдайы 10 ШЖШ ретінде анықталғанын түсіндірудi қажет деп санайды.
Айырмашылық жалпы ақпаратты тағайындаудан тұрады:
AirKZ мобильді қосымшасы мен интерактивті карта халықты ауа сапасы туралы ақпаратқа қол жетімділігiн қамтамасыз етуге арналған. Қазақстанда ауа бойынша СанЕмН жұмыс істейді, онда адам денсаулығына бағытталған шектi жол берiлетiн шоғырлану (ШЖШ) белгіленген. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымына сәйкес, 1 ШЖШ асып кетуі халықтың денсаулығына теріс әсер етеді. Сондықтан «Қазгидромет» РМК мобильді қосымшаны пайдаланушылар қаланың қай аудандарында ауаның ластануы белгіленген нормалардан асып түсетінін білуі үшін, көрсеткіштердің жоғарғы өлшемі ретінде 1 ШЖШ белгіледі. Ластану 10 ШЖШ-дан асқан кезде жағдай критикалық деңгейге жетеді, мұндайда мемлекеттік құрылымдардың жедел әрекет етуі қажет. Мұндай жағдайларда «Қазгидромет» РМК уәкілетті мемлекеттік органға
(ҚР ЭГжТРМ ЭРжБК) ластану көзін анықтау және оның әсерін жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы белгі береді. Халықтың осындай тіркелген жағдайлардың саны туралы мәліметтердi бiлуi үшін «10 ШЖШ-дан жоғары ластану жағдайлары» туралы ақпарат ақпараттық бюллетендерде жарияланады.