Қазгидромет ШЫҰ елдері үшін дөңгелек үстел өткізді

IconЖарияланды 19.03.2024

2024 жылғы 19 наурызда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) кіретін елдердің Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтерінің (ҰГМС) өкілдерімен онлайн режимінде дөңгелек үстел өтті. 2023 жылғы шілдеден бастап
2024 жылғы маусымға дейінгі аралықта Қазақстан ШЫҰ-ға төрағалық ететіні, ал 2024 жыл - ШЫҰ Экология жылы деп жариялануы себепті еліміз жылдың негізгі тақырыбына орайластырылған іс-шара өткізу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, дөңгелек үстелді өткізу Дүниежүзілік метеорологиялық күнмен тұспа-тұс келді, оның биылғы тақырыбы – «Климаттың өзгеруіне қарсы күрестің алдыңғы шебінде».

Іс - шараның негізгі мақсаты – тәжірибе мен идеялармен алмасу, сондай-ақ бірлесіп жұмыс істеу үшін әріптестіктер құру. Талқылаудың негізгі мәселелері - жас мамандардың климаттың өзгеруін мониторингілеуге және оған   бейімделуге қосатын үлесі, сондай-ақ осы саладағы халықаралық ынтымақтастық болды.

Дөңгелек үстелге Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан ҰГМҚ өкілдері қатысты.

«Қазгидромет» РМК Бас директоры Данара Әлімбаева өзінің құттықтау сөзінде климаттың өзгеруінің салдары шекарамен шектелмейтініне және барлық елдердің бірлескен күш-жігерін талап ететініне назар аударды. ШЫҰ-ға мүше елдер арасындағы климаттың өзгеруін мониторингілеу және оған бейімделу саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы ерекше, ол өңірдегі сенімділік мен тұрақтылықты нығайту үшін негіз болып, біздің елдеріміздің тұрақты экономикалық дамуына ықпал ете алады.

 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз