2023-2024 ж.ж. күзгі-қысқы кезеңінде қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, көктемгі егін жұмыстарының басталуы қарсаңында топырақтың бір метрлік қабатындағы ылғал қоры Қазақстанның барлық дерлік астық себетін аймақтарында көбінесе қанағаттанарлық және оңтайлы болады деп күтілуде, алайда топырақтың өнімді күзгі ылғал қоры қалай бөлінгеніне, жауын-шашын мөлшеріне, қар жамылғысының биіктігіне сәйкес және т. б. факторларларға байланысты біркелкі бөлінбеген.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар және Жамбыл облыстарында топырақтың метрлік қабатында көбінесе қанағаттанарлық ылғал қоры болжанады.
Ылғалданудың қанағаттанарлықсыз жағдайы тек Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында ғана күтіледі.