Наурыздың екінші онкүндігінде республиканың оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының күздік дәнді дақылдар өсірілетін аудандарында температуралық фон нормадан 1...2°С жоғары болған, жауын-шашын дерлік барлық жерде нормадан көп жауған.
Түркістан облысының бақылау учаскелерінде күздік бидай дақылдарының жағдайы жақсы. «3-ші жапырақ» - «түптену» даму фазаларында. Өсімдіктердің орташа биіктігі 6-11 см жетеді, 1м2 өсімдіктердің орташа саны 190-дан 398 данаға дейін.
Жамбыл облысының бақылау учаскелерінде күздік бидайдың вегетациялық кезеңінің қайта басталуы байқалуда, даму фазасы «3-ші жапырақ» – «көктеу». Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы.
Наурыздың екінші онкүндігінде Жетісу және Алматы облыстарында күздік бидай вегетациясының қайта басталуы байқалмады.
Оңтүстік-шығыста күздік бидайдың түптену түйінінің (3см) тереңдігіндегі топырақтың минималды температурасы 0°С минус 1°С дейін болған.
Күздік бидайдың агрометеорологиялық жағдайлары қанағаттанарлық болған.
Республиканың оңтүстігінде көпжылдық шөптердің жоңышқа егістіктерінде вегетациялық кезеңнің қайта басталуы барлық егістіктерде байқалған. Шөптердің жағдайы көбінесе жақсы. Шөптердің биіктігі 4-8 см жетеді, 1 м2 өсімдіктердің орташа саны 158-ден 410 данаға дейін.
Онкүндіктің соңында жайылымдардың басым бөлігі әлсіз тапталған, жайылымдар қатты тапталған Алматы облысында (Айдарлы станциясы), Жетісу облысында (Ақжар станциясы), Батыс Қазақстан облысында (Бұлдұрт, Тайпақ станциялары), Қарағанды облысында (Бектауата станциясы) және Ұлытау облысында (Жетіқоңыр станциясы), кейбір жайылымдар орташа тапталған Алматы облысында (Ауыл №4 станциясы), Атырау облысында (Новый Уштоган станциясы), Батыс Қазақстан облысында (Жәнібек станциясы), Қостанай облысында (Екиден станциясы) және Маңғыстау облысында (Сам станциясы).
Жайылымдардың басым бөлігінде шымның дымқыл болуы орын алған, қатқақ шым көбінесе Батыс Қазақстан облысында, Қарағанды және Қостанай облыстарының кейбір жайылымдарында, құрғақ шым Түркістан облысында (Қызылқұм станциясы) байқалған.