Қазгидромет Қазақстандағы атмосфералық ауа сапасының мониторингі бойынша өзінің AirKZ мобильді қосымшасын жаңартты. Жаңа пайдаланушылар үшін қосымша iOS және Android жүйелерінде қолжетімді және оны бұрын пайдаланушылар үшін жаңарту автоматты түрде жүргізіледі.
«AirKZ» Қазақстанның барлық аумағында атмосфералық ауаның сапасын бақылайды. Пайдаланушылар қажетті бекеттерді өздері таңдай алады немесе геолокация деректері бойынша бағдарлама автоматты түрде ең жақынын анықтайды.
Қосымша таңдалған бекеттің ауасындағы ластаушы заттардың негізгі көрсеткіштерінің концентрациясын көрсетеді (құрылымына байланысты):
Әрбір зат бойынша мг/м3 бойынша концентрация деңгейін және шекті жол берілетін шоғыр (бұдан әрі-ШЖШ) қатысты қарауға болады (түс шкаласы бойынша: 0-1 ШЖШ — төмен деңгей; 1-5 – көтеріңкі деңгей; 5-10 – жоғары деңгей; 10–нан астам ШЖШ – ЖЛ – өте жоғары). Сондай-ақ, «AirKZ» жаңартылған нұсқасында ластанудың қауіпті деңгейі туралы ескертетін хабарламасы қосылды.