Қазақстанның оңтүстік жартысында оң ауа температурасы мен мол жауын-шашынның түсуі аясында күздік бидайдың, көпжылдық шөптердің белсенді вегетациясы, жеміс дақылдарының бүршіктерінің бөртуі мен шешек атуы жалғасуда.
Алматы облысының бақылау учаскелерінде күздік бидайдың жағдайы жақсы, «түптену» фазасында. Өсімдіктердің орташа биіктігі 5-9 см, 1м2 өсімдіктер саны 300 дана. (Қырғызсай метеостанциясы). Жағдайы өте жақсы және жақсы.
Жамбыл облысында күздік бидайда «3-ші жапырақ» - «түптену» фазалары байқалған, жағдайы тегіс жақсы. Орташа биіктігі 7-17 см жетеді, 1м2 өсімдіктердің орташа саны 89-101 дана.
Түркістан облысында күздік бидайдың жағдайы жақсы, «түптену» - «түтікке шығу» фазаларында, Т.Рыскулов Ауылы метеостанциясының маңайында «3-ші жапырақ» даму фазасында. Өсімдіктердің биіктігі 8-16 см жетеді. Өсімдіктердің орташа саны 323-379 дана.
Онкүндіктің соңында оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күздік бидайдың ылғалмен қамтамасыздығы топырақтың беткі қопсыту қабатында 37 мм-ден 52 мм-ге дейін және метрлік қабатында 173 мм-ден 441 мм-ге дейін ылғал қоры оңтайлы болған.
Қолайлы жағдайда Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының бақылау учаскелерінде топырақты алдын ала өңдегеннен кейін тегіс жаздық дәнді дақылдар себуге кіріскен. Мерзімінен ерте себілген егістерде жазғы арпада «көктеу» пайда болған, өсімдіктердің жағдайы жақсы.
Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында жоңышқа, эспарцет және беде шөптерінің жағдайы жақсы және қанағаттанарлық, өсімдіктердің биіктігі 14 см дейін жетеді. Өсімдіктердің орташа саны 137-350 дана. Фазасы «сабақтың өсуі».
Жетісу және Түркістан облыстарында жеміс дақылдары бақшаларында алма мен шие бұтақтарында бүршіктердің бөртуі мен шешек атуы байқалған, жағдайы жақсы.
Онкүндіктің соңында жайылымдардың басым бөлігі бірқалыпты тапталған, қатты тапталған Атырау облысында (Новый Уштоган станциясы), Жетісу облысында (Акжар станциясы), Батыс Қазақстан облысында (Булдурта, Тайпак станциялары), жайылымдар әлсіз тапталған Алматы облысында ( Аул №4 станциясы), Қостанай облысында (Екиден станциясы), Қызылорда облысында (Злиха станциясы) және Түркістан облысында (Кызылкум станциясы), жайылымдар тапталмаған Жамбыл облысында (Шокпар және Уюк станциялары) және Маңғыстау облысында (Сай-Утес станциясы).
Жайылымдардың басым бөлігінде шымның дымқыл болуы байқалса, Маңғыстау облысының кей жерлерінде құрғақ болған.
Ұзақ жылы күндердің басталуына байланысты оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік облыстарда жайылымдық шөптердің вегетациясының қайта дамуы басталған.