Жайық өзені ағынының қалыптасуының жоғарғы аймағындағы бақылаулар деректеріне негізделген Росгидрометтің болжамдарына сәйкес көктемгі су тасқынының күтілетін көлемі 2023 жылғы орташа көпжылдық мәндер мен көрсеткіштерден 2-2, 5 есе асатын болады.
Атап айтқанда:
Жоғарғы Орал су қоймасында (Ресей Федерациясының Челябі облысы) су тасқыны 0.36-дан 0.46 текше километрге дейін болады деп күтілуде, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 9 есеге көп және максималды көпжылдық сипаттамаларға жақындады.
Су тасқынының болжамды көлемі Ириклин су қоймасы (Ресей Федерациясының Орынбор облысы) 2.5-тен 3.5 текше километрге дейін, бұл 2023 жылғы мәліметтерден екі есеге дерлік және тарихи максимумға жақындады.
Сақмар-татар Қарғалы (Ресей Федерациясының Орынбор облысы) учаскесі үшін су тасқыны 5.0-ден 6.0 текше километрге дейін болады деп болжануда, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен де жоғары.
Қазақстан аумағында Орал-Көшім (Батыс Қазақстан облысы) гидропосты бойынша өзенді ашудың күтілетін мерзімдері 2024 жылғы 7-12 сәуір аралығында болжанады. Орал-Көшім учаскесіндегі көктемгі су тасқыны көлемі 11.0-ден 15.0 текше километрге дейін болады деп күтілуде, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден едәуір асып түседі және рекордтық мәндерге жақындайды.
Мәлімет үшін
КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ КҮТІЛЕТІН СУ КӨЛЕМІ
СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ КӨЛЕМІ, ТЕКШЕ КМ
СУ ОБЪЕКТІСІ |
КҮТІЛЕТІН МӘНДЕР АРАЛЫҒЫ |
2023 ЖЫЛҒЫ ДЕРЕКТЕР
|
КӨПЖЫЛДЫҚ СИПАТТАМАЛАР |
||
ЕҢ КӨП |
ОРТАША |
ЕҢ АЗ |
|||
ЖОҒАРҒЫ ОРАЛ СУ ҚОЙМАСЫ
|
0.36-0.46
|
0.04 |
0.51 |
0.18 |
0.02 |
ИРИКЛИН СУ ҚОЙМАСЫ
|
2.5-3.5 |
1.27 |
4.15 |
1.20 |
0.08 |
ОРАЛ-КӨШІМ
|
11.0-15.0 |
4.43 |
21.5 |
5.53 |
0.35 |
САҚМАР-Т ҚАРҒАЛЫ |
5.0-6.0 |
3.51 |
5.77 |
2.87 |
0.53 |
РОСГИДРОМЕТ деректері бойынша 2024 жылғы 7-12 сәуірде Орал-Көшім ГП бойынша өзенді ашудың күтілетін мерзімдері, 11-15 км3 (11-15 млрд. м3) аралықта Орал-Көшім (ҚР) ГП бойынша көктемгі су тасқынының күтілетін көлемі.