«Қазгидромет» компаниясы қалалар үшін наукастинг болжамын іске қосты

IconЖарияланды 08.04.2024

 

Наукастинг -  атмосферадағы процестер ескерілген, гидротермодинамика теңдеулер жүйесінің сандық шешіміне негізделген жақын уақыттағы (2-6 сағатқа дейін) ауа-райының егжей-тегжейлі болжамы болып табылады. Бұл әдіс жердегі метеорологиялық бақылау деректерін, спутниктік және радиолокациялық деректерді пайдалануды қамтиды.

Қазіргі уақытта наукастинг Қазақстанның 22 қаласы бойынша қолжетімді, алдағы уақытта "Қазгидромет" РМК республиканың барлық қалаларының болжамын тарататын болады.

Аталмыш болжам тұрғындар үшін ыңғайлы, өйткені  ол - желдің күші мен бағытының өзгеруі, жауын-шашынның болатыны немесе болмайтыны, оның қарқындылығы, сондай-ақ ауа температурасының өзгеруі көрсетілген,  алдағы сағаттардағы  ауа райының өзгеруі туралы 100% ақпарат.

Қазақстан бойынша наукастинг болжамы "Қазгидромет" РМК сайтында мына сілтеме бойынша қолжетімді:  https://www.kazhydromet.kz/ru/weather/touristic_city_6_hours

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз