Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Тау өзендері үшін (Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысы) алдағы уақыттағы су көлемінің негізгі көрсеткішін 2023 жылғы 1 қазаннан бастап 2024 жылғы 1 сәуірді қоса алған ылғал жиналу кезеңінде жауған жауын-шашынның жалпы көлемі құрайды.
Жерді қашықтықтан зондтау суреттерінің деректеріне сәйкес 2024 жылғы
7 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның қар жамылған таулы аумақтарының көлемі:
- Жамбыл облысы бойынша - 2%;
- Түркістан облысы бойынша - 2%;
- Алматы облысы бойынша - 14%;
- Жетісу облысын бойынша - 18%;
- Абай облысы бойынша - 9%;
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 63% құрайды.
Ылғал жиналу кезеңінде жауған жауын-шашынның көлемі Қазақстанның тау өзендері бойынша 2024 жылғы вегетациялық кезеңге арналған гидрологиялық болжамда келтірілген, оны https://www.kazhydromet.kz/ru/gidrologiya/gidrologicheskiy-prognoz сілтемесі бойынша алуға болады.
Метеостанцияларда жүргізілген көпжылдық бақылауларға сәйкес, бір тәулік ішінде жауын-шашынның айлық нормасы түсуі мүмкін, бұл қауіпті табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болуына әкелуі ықтимал. Температуралық фон көтеріліп, нөсер жаңбыр жауған жағдайда, Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау өзендерінде жаңбырдан болған қатты су тасқыны орын алуы мүмкін.