Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
"Қазгидромет" РМК-ның 2024 жылғы 11-16 сәуірге жасаған болжамына сәйкес теңіз деңгейінің орташа мәні Солтүстік Каспийде минус 28,75 м, Орта Каспийде минус 29,14 м-ге жуық болады деп күтілуде.
Желшегерме-желкөтерме құбылыстары күтілмейді, теңіз деңгейінің ауытқуы 15 см-ден аспайды.
Ақпарат үшін:
"Қазгидромет" РМК бақылау пункттерінің деректері бойынша 2024 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі орташа деңгейі минус 29,19 м, минус 28,69 м-ден минус 29,56 м-ге дейін ауытқумен, ал шығыс бөлігінде орташа деңгей минус 29,26 м белгісіне жақын болды, минус 28,63 м-ден минус 29,71 м-ге дейін ауытқулармен.
Айта кету керек, осы кезеңде теңіздің қазақстандық бөлігінің орташа деңгейі фондық теңіз деңгейінің байқалған тарихи ең төменгі деңгейінен төмен (минус 29,01 м БС) болды.