Өрт қаупі бар маусым қар жамылғысы ери бастаған сәттен бастап тұрақты жаңбырлы ауа-райы орын алғанға дейін немесе қар жамылғысы пайда болғанға дейін жалғасады.
"Қазгидромет" РМК 15 сәуірден бастап 15 қазанды қоса алған аралықта Қазақстан облыстары бойынша өрт қаупі туралы болжам шығарады.
Өрт қаупі көрсеткіші құрғақ және ыстық ауа-райының ұзақ уақыт бойы тұрақты түрде жалғасу кезеңіне байланысты болады. Өрт қаупінің дәрежесі мынадай 5 сынып бойынша сипатталады:
1-сынып - өрт қаупі жоқ;
2-сынып – болмашы өрт қаупі;
3-сынып - орташа өрт қаупі;
4-сынып - жоғары өрт қаупі;
5-сынып - төтенше өрт қаупі.
4-сынып (жоғары өрт қаупі) және 5-сынып (төтенше өрт қаупі) өрт қаупі көрсеткіші анықталған кезде «Қазгидромет» компаниясы өрт қаупі туралы дауылды ескертулер шығарады және бұл жөнінде барлық мемлекеттік органдарға, ҚР ТЖМ Дағдарыстық жағдайларды басқару орталығына (ДЖБО), облыстардың ТЖД, қалалардың, облыстардың әкімдіктеріне және басқа да мүдделі органдарға дауылды ақпаратты хабарлаудың бекітілген сұлбасына ("Қазгидромет" РМК Бас директоры бекіткен) сәйкес жедел хабарланады.
СМС-хабарлама түріндегі барлық дауылды ескертулер
112 хабарландыру жүйесі арқылы жіберіліп, "Darmen ТЖ - Kazakhstan ТЖД" қосымшасында көрсетіледі және «Қазгидромет» РМК ресми сайтында
(https://www.kazhydromet.kz/ru/), БАҚ-та орналастырылады.
15 сәуірден бастап Күн сайынғы гидрометеорологиялық бюллетеньде Қазақстанның әрбір облысы бойынша өрт қаупі сыныбы көрсетілген өрт қаупі болжамы орналастырылатын болады.
Жоғары ауа температурасы, жауын-шашынсыз ауа-райы болжанған, өрт қаупі көрсеткіші өсе түскен сәттен бастап барынша күнібұрын (1-7 тәулік) дауылды ескертулер шығарылатын болады.