Финляндия су форумының жобалар жөніндегі директоры Арво Нерман Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметіне келді. Кездесуге «Қазгидромет» РМК басшылығы, гидрология және экологиялық мониторинг департаменттерінің мамандары қатысты.
Арво Нерман Қырғыз Республикасындағы су қабылдағыштарда күн сәулелік батареялардың көмегімен жұмыс істейтін суды мониторингілеу онлайн-станциясын орнату жобасымен бөлісті. Сарапшы суды пайдалануды жоспарлауға, су алу кезіндегі тәуекелдерді басқаруға және ең жоғары көрсеткіштерді болжауға негіз болатын су қабылдағыш ұңғымаларында жер үсті және жер асты суларының параметрлерін өлшеуге арналған датчиктермен таныстырды.
Қашыртқы сулар мен ағын сулардың шығарылуына жедел ден қою және оны бақылау, сондай-ақ ластануды азайту шараларының тиімділігін бағалау үшін тараптар су параметрлерін автоматты түрде өлшеу мүмкіндігін талқылады.
Ұсынылған су сапасының параметрлерін өлшеуге арналған автоматты станцияларда параметрлердің шектеулі жиынтығы өлшенеді және олар «Қазгидромет» РМК-нің жер үсті сулары сапасының жай-күйін мониторингілеу процесін толық автоматтандыруға әкелмейді, сондай-ақ параметрлер жиынтығы шектеулі станцияларға қызмет көрсетуге және оларды ұстауға жұмсалатын шығынның ұлғаюына әкеледі.
Кездесудің қорытындысы бойынша Финляндия су форумының сарапшысына бақылау және реттеу, сондай-ақ сумен жабдықтау саласындағы уәкілетті органдарды онлайн мониторингілеу станцияларымен таныстыру ұсынылды.