Қазақстан аумағындағы көктем өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда кешірек өз күшіне енді.
Наурызда ауа райы өте құбылмалы болды. Жылу толқындары суық толқындармен жиі алмасты, ал циклондар мен атмосфералық фронттардың Қазақстан аумағы арқылы жиі өтуі елдің көп бөлігінде жауын-шашынның көп түсуіне әкелді. Мәселен, 20 наурызда Ақтау метеостанциясында (ары қарай - М) тәулігіне 16 мм жауын-шашын жауды, айлық норма 15 мм, сондай-ақ 21 наурызда Қызылорда М-да 21 мм түсті, айлық норма 15 мм, Тасты М-да (Түркістан облысы) - 37 мм, норма 20 мм, 26 наурызда Орал М-да - 26 мм, норма 25 мм.
Наурыз айында тұман, көктайғақ қана емес, ерте найзағай да байқалды. Алғашқы найзағай 21 наурызда Түркістан, Жамбыл облыстарында, 28 наурызда Қарағанды, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында байқалды.
Наурыз айына ауа температурасының күрт ауытқуы және үлкен тәуліктік жүріс тән. Мысалы, Ақмола облысында 18 наурызда Балкашино М-да түнде ауа температурасы -20,5°С құраған, ал күндіз +2,3°С дейін көтерілген, Щучинск М-да түнде ауа температурасы -19,6°С, күндіз - +1,1°С болды.
Айдың үшінші онкүндігінде ғана республика тұрғындары нағыз көктемді сезінді. Республика бойынша ауа температурасы көтеріле бастады, күндіз республиканың солтүстік жартысында +5+15°С дейін, республиканың оңтүстігінде +17+27°С дейін жылыды.
Елордада айдың орташа ауа температурасы нормадан 1,6° жоғары болды. Ең төменгі ауа температурасы 14 наурызда тіркеліп -18,3°С құрады, ең жоғары ауа температурасы 26 наурызда тіркеліп +9,8°С құрады. Жауын-шашын түсуі 20 мм құрады, айлық норма 22 мм.