Сіздердің назарларыңызға "Қазгидромет" РМК өртті болжамайтынын хабарлайды. "Қазгидромет" өрт қауыпының туындау жағдайларын болжайды - жауын-шашынсыз ұзақ кезең және жоғары температуралық фон.
Қар жамылғысы еріген сәттен бастап тұрақты жаңбырлы ауа райы басталғанға дейін немесе қар жамылғысы пайда болғанға дейін, яғни 15 сәуірден 15 қазанға дейін өрт қаупі болжамы шығарылады.
Өрт қаупі дәрежесін сипаттау үшін 5 денгей бар: (1- өрт қауіпі жоқ, 2 – ӨҚ шағын, 3 - ӨҚ орташа, 4 – ӨҚ жоғары, 5 – ӨҚ төтенше).
Жауын-шашынсыз ауа райы және жоғары ауа температура болжамымен, өрт қауіпі көрсеткіші 4- деңгейге (жоғары ӨҚ) және 5-деңгейге (төтенше ӨҚ) жеткен жағдайда, Қазгидромет өрт қауіптілігі туралы дауылды ескертулерді барынша уақтылы (1-7 тәулік алдын ала) шығарады, ескертулер барлық мемлекеттік органдарға, төтенше жағдайларды басқару орталықтарына, қалалардың, облыстардың әкімдіктеріне және басқа да мүдделі органдарға жедел жеткізіледі.
Қазақстанның әрбір облысы бойынша өрт қауіпі деңгейін көрсете отырып, өрт қауіпі болжамы күнделікті гидрометеорологиялық бюллетеньде жарияланады. Қазгидрометтің сайтында ескертулер картасы, дауылды ескертулер, "Өрт қауіпі болжамы" бөлімінде республика бойынша өрт қауіпі картасы, болжам мәтіні орналастырылады.
Ұзақ мерзімді ауа райы болжамына сәйкес
мамыр және маусым айларында ауа температурасы климаттық нормадан 1-2° жоғары болады деп күтілуде,
шілде және тамыз айларында температура норма шамасында болжанады.
Мамыр және жаз мезгілінде жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде норма шамасында және одан аз күтілуде.
Ұзақ мерзімді ауа райы болжамы жыл аналогын таңдауға және сандық климаттық модельдерді талдауға негізделген. 2024 жылдың мамырына жыл аналогы 2001 жыл, жаз үшін жыл аналогы 1994 жыл болып таңдалды.
2024 жылғы мамыр мен жазға арналған консультативтік ауа райы болжамын және 2001, 1994 жылғы нақты деректерге жүргізілген талдауды ескере отырып, мамыр және жаз айларында республиканың басым бөлігінде өрт қауіпінің жоғары және төтенше дәрежесі болжанады.
Жазға және өрт қауіпіне арналған болжамдар онкүндікке, аптаға және 2-3 тәулікке арналған болжамдармен нақтыланады. Жоғары және төтенше өрт қауіпіне жеткен жағдайда дауылды ескертулер шығарылатын болады.
Мамыр және маусым айларында орташа ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, елдің батысында норма шамасында деп күтілуде.
Мамыр айында жауын - шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, Ұлытау облысында, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстік-шығысында, Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының батысында, Түркістан, Жамбыл облыстарының солтүстік-батысында нормадан аз, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының батысында нормадан көп болжанады.
Маусым айында жауын – шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде нормадан аз, республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік және оңтүстік – шығысының таулы аймақтарында норма шамасында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында нормадан көп болжануда.
Шілде айында температуралық фон Қазақстанның барлық аумағында климаттық норма шамасында деп күтілуде.
Жауын-шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде норма шамасында, елдің солтүстік жартысында нормадан көп, республиканың оңтүстік, оңтүстік-батысында нормадан аз болжанады.
Тамыз айында бір айдағы орташа ауа температурасы республиканың басым бөлігінде норма шамасында, елдің оңтүстік, оңтүстік - шығысында (Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстары) нормадан 1°С жоғары болады деп күтілуде.
Жауын - шашын мөлшері елдің басым бөлігінде норма шамасында, елдің орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нормадан аз, республиканың қиыр солтүстігінде нормадан көп болады деп болжануда.
Анықтама: бақылау деректері бойынша 2001 жылдың мамырында Қазақстанның басым бөлігінде ауаның орташа температурасы нормадан 1-5° жоғары, БҚО, Атырау және Ақтөбе облысының солтүстік - батысында норма шамасында болды. ҚР басым бөлігінде ай бойы жауын-шашын нормадан аз, елдің батысында, солтүстік, орталық, оңтүстік-батысының жекеленген аудандарында 1,2 - 4,7 есе нормадан көп жауды.
1994 жылғы маусымда ҚР аумағының басым бөлігіндегі ауаның орташа температурасы нормадан 1-4° жоғары, ҚР батысында нормадан 1-2° төмен болды. Ай бойы жауын-шашын Қазақстан аумағының басым бөлігінде нормадан аз, батыста, солтүстік – шығыстың, оңтүстік, оңтүстік-шығыстың жекеленген аудандарында норма шамасында және нормадан 1,2-3 есе көп жауды.
1994 жылғы шілдеде ай бойы ауаның орташа температурасы ҚР басым бөлігінде нормадан 1-4° төмен, республиканың оңтүстік шығысында, оңтүстік, орталық және шығыстың жекеленген аудандарында, норма шамасында болды. Жауын – шашын еліміздің басым бөлігінде норма шамасында және нормадан 1-3 есе көп, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, ҚР орталығының шығысының жекеленген аудандарында - нормадан аз жауды.
1994 жылдың тамызында елдің барлық аумағында орташа айлық ауа температурасы нормаға жуық тіркелген, елдің оңтүстік – шығысында 1-2° нормадан жоғары, ҚР батысында, солтүстік – батысында 1-2° нормадан төмен болды. Жауын-шашын республиканың басым бөлігінде норма шамасында және нормадан аз, Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, солтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығысының жекеленген аудандарында – нормадан 1,2-3 есе көп жауды.