Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Облыстың ішкі өзендерінің басым бөлігінде су тасуының шыңы өтті.
21.04.2024 ж. сағат 12.00-дегі жағдай бойынша Жайық өзені - Орал қаласы гидрологиялық бекетінде су деңгейі 854 см, қауіпті деңгей 850 см құрайды.
Сағат 08:00-де (Мәскеу уақыты бойынша 06:00) 21.04.2024 ж. Ирикла су қоймасынан су тасталымы 294 м3/с құрайды.
Жайық өзені ағынының 50%-ын құрайтын саласы - Сакмара өзенін де ескерген жөн. 21.04.2024 ж. сағат 08.00-дегі жағдай бойынша Сакмара өзені-татар Каргала гидрологиялық бекетінде су деңгейі 877 см (қауіпті деңгейі-860 см.) құрайды және тәулікіне су деңгейінің өзгеруі -9 см.
Анықтама:
Рогидрометтің болжамы бойынша, Сакмара өзенінде су тасуы қазірдің басталып, максималды су шығын 2300 м3/с болғанда, 5-6 млрд м3 көлемінде су күтілуде. Жайық өзенінің (РФ) жоғарғы ағысындағы, сондай-ақ Сакмара өзеніндегі сулар Батыс Қазақстан облысының аумағына сәуірдің екінші жартысында (15 сәуірден кейін) келеді. Тиісінше, Жайық өзенінде күтілетін су тасуы көлемі 11-15 млрд. м3.
Жайық өзені - Орал қаласы гидрологиялық бекетінің қауіпті деңгейі 850 см құрайды, одан асқан жағдайда Шаған өзеніне кері ағу әсері бақылануы мүмкін, бұл Орал қаласындағы саяжайларды су басуға алып келеді. Сондай-ақ Жайық өзенінің бойында орналасқан Бөрлі, Бәйтерек, Теректі, Ақжайық өңірлеріндегі елді мекендерді де су басу қауіп төніп тұр.
РФ Орынбор қаласы бойынша ақпарат:
Урал өзені – Орынбор қ. гидрологиялық бекеті тұстамасында 21.04.2024 ж. сағат 08.00-де су деңгейі 977 см құрады, тәулігіне су деңгейі 25 см-ге төмендеді.
21-26.04.2024 ж. бойынша ауа райы болжамы
Батыс Қазақстан облысында 23, 25 сәуірде күндіз, 26 сәуір тәулікте жаңбыр жауады деп болжануда.
Ауа температурасының түнде 12-17 градустан 4-9 градусқа дейін төмендеуі, кезеңнің соңында аздап 7-12 градусқа дейін көтерілуі, күндіз 27-32 градустан 15-20 градусқа дейін бірте-бірте төмендеуі, кезеңнің соңында 20-25 градусқа дейін жоғарылауы күтілуде.