Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2024 жылдың 23 сәуіріндегі жағдай бойынша Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, сондай-ақ Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының жеке аудандарында топырақтың қатуы сақталады.
Қостанай облысында топырақтың қатуы облыстың 3 ауданында байқалады: Қарабалық ауданында 60-65 см-ден 90-95 см-ге дейін.
Ақмола облысында - әлі де Целиноград, Шортанды, Біржан сал аудандарында және Көкшетау қаласында сақталады. Қату тереңдігі 106-153 см, жоғарғы қабаттың еруі 48-81 см, Целиноград ауданының Новоишимка ауылы маңайында 129 см тереңдікке дейін еріген.
Қарағанды облысында топырақтың қатуы тек Осакаровка ауданында 65-150 см топырақ қабатында сақталады.
Павлодар облысында - топырақтың толық еруі тек бақылау пункттерінің жартысында ғана байқалады.
Ертіс және Железинка аудандарында топырақтың қатуы 115-150 см тереңдікке жетеді, еруі 62 см-ден 129 см-ге дейін. Тереңкөл және Успенка аудандарында топырақ 138-203 см тереңдікке дейін, Лозовая станциясының маңайында 236 см дейін қатқан күйде қалады, топырақтың еруі 81 см-ден 147-150 см-ге дейін.
Шарбақты ауданының орталығында қату 105-тен 257 см-ге дейінгі қабатта байқалады, ауданның оңтүстігінде топырақ еріген.
Шығыс Қазақстан облысында топырақтың қатуы Катонқарағай ауданында ғана сақталады - қатудың төменгі шекарасы 93 см, еруі 57 см тереңдікке дейін байқалады.
Қазақстанның қалған аумағында топырақ толығымен еріген.