2024 жылғы 24 сәуірде «Қазгидромет» РМК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің офицері және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі «Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс» атты оқыту семинарына қатысты. Оқыту курсы «Парасатылыққа шолу» жобасы аясында ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен
2021 жылы Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы Шолу жобасын іске асыру туралы грантқа қатысты келісім мақұлданды.
Семинарда спикер ретінде Фредерик Бойем мен Оксана Гус сөз сөйледі. Фредерик Бойем - сыбайлас жемқорлық, басқару, мемлекеттік сектор реформаларының институционалдық өзгерістері саласындағы зерттеуде 20 жылдық тәжірибесі бар экономика ғылымдарының докторы. Оксана Густың саясаттану бойынша докторлық дәрежесі және сыбайлас жемқорлықты зерттеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру саласында 10 жылдық тәжірибесі бар.