Сәуірдің екінші онкүндігінде республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күздік бидайдың өсіп өнуіне көбінесе қолайлы жағдай байқалған. Жауған жауын шашын топырақ ылғал қорының толуына ықпал еткен.
Алматы облысының бақылау учаскелерінде күздік бидайдың жағдайы көбінесе жақсы, «түптену» - «түтікке шығу» фазалары жалғасуда. Өсімдіктердің биіктігі 8-10 см. Жамбыл облысының бақылау учаскелерінде күздік бидайдың жағдайы тегіс жақсы, «3-ші жапырақ» - «түтікке шығу» даму фазаларында. Өсімдіктердің орташа биіктігі 15-27 см жетеді, 1м2 шаққандағы өсімдіктердің орташа саны 110 дана. Жетісу облысында күздік бидайдың жағдайы жақсы, «түптену» даму фазасында. Талдықорған метеостанциясы маңайында күздік бидай вегетациясының қайта басталуы байқалады. Өсімдіктердің биіктігі 15-17 см жетеді, 1м2 шаққандағы өсімдіктердің орташа саны 109 дана (Талдықорған метеостанциясы). Түркістан облысында күздік бидайдың жағдайы жақсы, «түптену» – «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы» фазалары жалғасуда. Өсімдіктердің биіктігі 14-27 см жетеді, Қазығұрт станциясының маңайында 10 см дейін, төмен өскен егістерде 1м2 шаққандағы өсімдіктердің жалпы саны 269 дана болды. Онкүндіктің басында арамшөптерді гербицидтермен өңдеуге кірісті.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаздық дәнді дақылдарды себу науқаны жалғасуда. Топырақты алдын-ала өңдегеннен кейін жаздық арпа егілуде, егін егу сапасы мен өсімдіктердің жағдайы жақсы. Алматы облысында жаздық бидай бақыланатын учаскелерде «көктеу» -«3-ші жапырақ» фазалары байқалады. Жамбыл ауданында жаздық арпа егуге кірісті. Жамбыл облысында жаздық арпа егістіктерінде «дәннің өсіп-шығуы» -«3-ші жапырақ» фазалары байқалды. Өсімдіктердің биіктігі 7-10 см., 1м2 шаққандағы өсімдіктердің орташа саны 264 дана. Түркістан облысында жаздық арпа дақылдары «дәннің өнуі – «түйін тамырының пайда болуы» даму фазалары байқалады. Өсімдіктердің биіктігі 10 см, 1м2 өсімдіктердің орташа саны 262 дана.
Түркістан облысының Сарыағаш ауданында Ошақты агропостының маңайында егістікті алдын ала өңдегеннен кейін жүгері егуге кіріскен. Жеміс дақылдары бақшалары (алма, алмұрт, шие, таңқурай) бақылау учаскелерінде «ағаш бүршіктердің бөртуі» – «шешек ату» даму фазалары байқалған, Жетісу облысының Жаркент станцияларының маңайындағы алма бақтарында «гүлдену» фазасы байқалады. Республиканың оңтүстік өңірлерінде көпжылдық шөптердің (жоңышқа, беде, эспарцет, бидайық шөптері, еркек шөп) егістіктерінде «сабақтың өсуі» фазасы байқалады. Шөптердің жағдайы өте жақсы және жақсы.
Көктемгі су тасқыны кезінде Ақмола облысының Бұланды (Журавлевка агропосты) және Астрахань ауданында (Жалтыр МС), Қостанай облысының Меңдіқара ауданында (Михайловка МС), Б. Майлин атындағы ауданда (Тобыл МС), Әулиекөл ауданында (Новонеженка агропосты) және Алтынсарин ауданында (Сильантьевка агропосты) жаздық дәнді дақылдары бар бақылау учаскелерін су басу байқалды және егістіктерді ішнара су алған Жітіқара ауданында (Степновское агропосты) және Қарасу ауданында (Қарасу МС).
Жайылымдарда мал жайылым барлық жерде тегіс жүргізілген. Жайылымдарда шымның жағдайы көбінесе құрғақ, Алматы, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарындағы кейбір жайылымдарда шым ылғалды болған.
Жалпы визуалды бағалау бойынша жайылымдардағы шөптердің жағдайы көбінесе «жақсы», кейбір жайылымдарда «қанағаттанарлық», «өте жақсы» Алматы облысының Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында және Түркістан облысының Созақ ауданында.