2024 жылғы 29 сәуірде Жайық өзенінің тасуына байланысты
«Қазгидромет» РМК-нің Батыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалының мамандары су көлемін неғұрлым толық есепке алу үшін Батыс Қазақстан облысы Көшім ауылындағы гидрологиялық тұстамаға барып, өзен мен өзен алқаптарындағы су шығынын өлшеді.
Жайық өзенінің арнасы мен алқаптарындағы су шығынын өлшеу жұмысы су тасқыны кезеңі аяқталғанға дейін жалғасатын болады.