2024 жылдың 30 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Метеорология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы Ph.D ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғауы өтті. Докторант, «Қазгидромет» РМК климатты зерттеу бөлімінің басшысы Тұрсын Тіллакәрім «Климаттың өзгеруі жағдайында Есіл және Нұра-Сарысу сушаруашылығы алаптары қар жамылғысының ылғал қорының өзгеруін зерттеу» тақырыбында диссертация қорғады. Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ метеорология және гидрология кафедрасында орындалды. Ғылыми кеңесшілер: А.М. Қауазов – г.ғ.к., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы және А.Гафуров – PhD, Гидрология және геогидрология кафедрасы, Штутгарт университеті, Германия.
"Қазгидромет" РМК Тұрсын Тіллакәрімді жоғары ғылыми жетістігімен құттықтап, зор денсаулық, шығармашылық табыс, білім жолындағы таусылмайтын ізденістер мен биік мәртебе тілейді.