Қазгидромет мамыр айына арналған құрғақшылық болжамын нақтылады

IconЖарияланды 04.05.2024

Сәуір айында жауған жауын-шашынды және ауа райы болжамын ескере отырып, Қазақстан аумағында құрғақшылық қаупі бар аумақтардың ауданы ұлғаяды.

 

Құрғақшылық күтіледі:

Қызылорда облысының Қармақшы және Шиелі аудандарында;

Қостанай облысының Амангелді ауданында;

Қарағанды облысының Шет ауданында.

 

Бірқалыпты ылғалды жағдай болжанады:

Қостанай облысының Қарасу ауданында;

Ақмола облысының Ақкөл, Атбасар және Сандықтау аудандарында;

Павлодар облысының Ақтоғай, Успенка аудандарында және Павлодар қаласының маңайында;

Батыс Қазақстан облысында Бурлин, Шыңғырлау, Сырым және Қаратөбе аудандарында;

 

Елдің қалған аймағында мамыр айында ылғалдану көпжылдық мәндерге жуық деп есептеледі.

Сондай-ақ 3 мамырда Қызылорда облысының Қармақшы және Шиелі аудандарында алдағы 10 күнде құрғақшылықтың басталуы туралы дауылды ескерту шыққанын хабарлаймыз.

 

Барлық агрометеорологиялық болжамдар ҚР АШМ ұсынылады, www.agrodata.kz қосымшасында және «Қазгидромет» РМК ресми сайтында жарияланады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз