Сәуірдің үшінші онкүндігінде республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаздық дәнді дақылдарды себу науқаны жалғасуда, қалыптасқан метеорологиялық жағдайлар өсімдіктердің өсуі мен дамуы үшін қолайлы болды.
Алматы облысында жаздық бидай бақыланатын учаскелерде «түйін тамырының пайда болуы» фазасы байқалған. Жаздық бидайдың жағдайы көбінесе жақсы. Кеген және Жамбыл аудандарында жаздық арпа себуге кіріскен. Дақылдардың сапасы мен өсімдіктердің жағдайы жақсы. «Дәннің өнуі» - «көктеу» даму фазалары байқалған.
Жамбыл, Жетісу, Түркістан облыстарында жаздық арпа егістіктерінде «көктеу» - «түтікке шығу» фазалары байқалған. Көктемгі арпаның жағдайы көбінесе жақсы. Өсімдіктердің биіктігі 8-22 см.
Қарағанды облысының Абай ауданында жаздық арпа егістіктерінде (Агроқалашық АМБ) «дәннің өнуі» - «көктеу» даму фазасы байқалған. Дақылдардың сапасы мен өсімдіктердің жағдайы өте жақсы.
Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында (Лубенка метеостанциясы) жаздық арпа егуге кіріскен.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күздік бидайдың өсуі мен дамуы үшін көбінесе қолайлы жағдайлар болған. «Түптену» - «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы» кезеңдері байқалған. Өсімдіктердің биіктігі 14 см мен 48 см аралығында болған. Күздік бидайдың жағдайы көбінесе жақсы және өте жақсы.
Еліміздің солтүстік облыстарында егістіктерді сүдігерге тырмалау сияқты көктемгі егіс жұмыстарына кіріскен.
Көктемгі су тасқыны кезінде Ақтөбе облысының Ыргыз ауданында (Нұра МС) жайылымдық алқаптары бар бақылау учаскелерін су басу байқалды.
Елдің оңтүстігінде топырақты егінге дайындағаннан кейін жылу сүйгіш дақылдарды (жүгері, қант қызылшасы, соя, мақта) себуге кіріскен.
Жеміс дақылдары бақтарында (алма, алмұрт, шие, таңқурай) «алғашқы жапырақтардың ашылуы» – «гүлшоғырларының пайда болуы» даму кезеңдері байқалады, Алматы, Жетісу және Түркістан облыстарындағы алма бақтарында «гүлдену» - «гүлденудің соңы» кезеңдері байқалды, Түркістан облысының Тасарық метеостанциясының маңайында шиеде «гүлдену» - «гүлденудің соңы» кезеңдері байқалады. Жеміс дақылдарының жағдайы барлық жерде жақсы.
Республиканың оңтүстік аймақтарында көпжылдық шөптердің (жоңышқа, эспарцет, беде) егістіктерінде «сабақтың өсуі» – «гүлшоғырлардың пайда болуы» кезеңдері байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және қанағаттанарлық.
Өткен онкүндіктің соңында Жамбыл облысының Мойынқұм, Талас және Шу аудандарындағы жайылымдар және Маңғыстау облысының кейбір жайылымдары оталмаған, бірқалыпты оталған жайылымдар Алматы облысының Жамбыл ауданында, Атырау облысының Құрманғазы ауданында, Жетісу облысының Қаратал ауданында, Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында және Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында байқалды, жайылымдар қатты оталған Ұлытау облысының Ұлытау ауданында, қалған аумақта жайылымдар әлсіз оталған.
Жайылымдардағы шымның жағдайы көбінесе құрғақ, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарындағы кейбір жайылымдарда шым дымқыл болған.
Жайылымдағы шөптердің жалпы визуалды жағдайы көбінесе «жақсы», кейбір жайылымдарда қанағаттанарлық және өте жақсы.
Сәуір айының үшінші онкүндігінде елдің негізгі астық егетін аймақтарында топырақтың ылғалдылығы қанағаттанарлық және оңтайлы болып қалыптасты.