2024 жылғы 27-29 мамыр аралығында Алматы қаласында Климаттың өзгеруі жөніндегі Орталық Азия конференциясы өтуде (КӨОАК 2024). Бұл конференция 2024 жылы су, энергетика, азық-түлік қауіпсіздігі және климаттың өзгеруі жағдайындағы экологиялық тұрақтылық сияқты Орталық Азия үшін маңызды мәселелерді талқылауға арналған.
КӨОАК-2024 конференциясы климаттың өзгеруі және трансшекаралық климаттық тәуекелдер проблемасын шешудегі аймақтық ынтымақтастықтың артықшылықтарын талқылауға және көрсетуге арналған жыл сайынғы диалог алаңына айналды.
Конференцияға жыл сайын Орталық Азия елдерінің тиісті министрліктерінің, халықаралық ұйымдардың, азаматтық сектордың, ғылыми және академиялық қоғамдастықтың, бизнес және БАҚ өкілдерінің 400-ден астам өкілдері жиналады. Қатысушылар ОА елдерінің климаттық міндеттемелерін орындаудағы прогресті, проблемалар мен олқылықтарды, көміртек бейтараптығына қол жеткізуді, жасыл экономикаға көшу және қауіпсіздік мәселелерін, сондай-ақ климаттың өзгеруіне байланысты табиғи апаттар қаупін азайту мәселелері мен мүмкіндіктерін талқылайды.