Маусым айының алдын ала құрғақшылық болжамын нақтылағаннан кейін құрғақшылық күтілетін аймақтардың ауданы ұлғаяды.
Атмосфералық құрғақшылық күтіледі:
Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында;
Маңғыстау облысының Маңғыстау және Қарақия аудандарында;
Батыс Қазақстан облысының Казталов, Жәнібек, Тасқала және Ақжайық аудандарында;
Ақтөбе облысының Қарғалы және Мұғалжар аудандарында;
Қарағанды облысының Шет ауданында;
Ұлытау облысының Ұлытау ауданында;
Абай облысының Аягөз және Үржар аудандарында,
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында;
Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында.
Маусым айында бірқалыпты ылғалды жағдай Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай және Күршім аудандарында, Абай облысының Бесқарағай ауданында, Алматы облысының Талғар ауданында, Қарағанды облысының Бұқар-Жырау, Осакаров аудандарында және Қарағанды қаласында, сондай-ақ Павлодар мен Ақмола облыстарының басым бөлігінде күтіледі.
Елдің қалған бөлігінде ылғалдандыру жағдайлары осы ай үшін нормаға жуық болады деп күтілуде.
Болжам www.agrodata.kz қосымшасында және «Қазгидромет» РМК ресми сайтында жарияланды.