2024 жылдың маусым айының 1-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 18.06.2024

Республиканың оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының бақылау учаскелерінде жаздық дәнді дақылдар «түтікке шығу» - «масақтану» фазалары байқалған, Жамбыл облысының Қордай, Мерке, Шу аудандарында және Түркістан облысының Қазығұрт ауданында жаздық арпа егістіктерінде «дәннің сүттеніп пісу» даму фазасы байқалды. Жаздық дәнді дақылдардың жағдайы көбінесе жақсы.

Батыста жаздық дәнді дақылдардың егістіктерінде «3-ші жапырақ»-«түптену» даму фазалары байқалады. Жаздық дәнді дақылдардың жағдайы көбінесе жақсы.

Солтүстікте (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары) жаздық дәнді дақылдарды себу науқаны аяқталуда, егістіктерде «дәннің өнуі» -«3-ші жапырақ» даму фазалары, жеке учаскелерде «түйін тамырының пайда болуы» байқалған. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және өте жақсы.

Еліміздің орталығында жаздық дәнді дақылдарды себу жұмыстары жалғасуда, Абай ауданында (агропост Агроқалашық) сәуір айының екінші онкүндігінде себілген жаздық арпа егістіктерінде «масақтану» даму фазысы орын алған. Жаздық бидай дақылдары «3-ші жапырақ» - «түйін тамырының пайда болуы» даму фазаларында. Жаздық дәнді дақылдардың жағдайы көбінесе жақсы.

Еліміздің шығысында жаздық дәнді дақылдар егістіктерінде «түптену» - «3-ші жапырақ», ерте себілген егістіктерде «масақтану» - «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы» даму фазалары байқалған, өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және өте жақсы.

Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күздік бидай бақыланатын учаскелерде «масақтану» - «дәннің сүттеніп пісу» даму фазалары, Жамбыл облысының Қордай мен Түркістан облысының Шымкент метеостанциялары маңайларында «балауыздық пісу» даму фазалары байқалады. Күздік бидайдың жағдайы көбінесе жақсы және өте жақсы.

Елдің оңтүстігінде жылу сүйгіш дақылдары (соя, күріш, мақта) егістіктерінде, Түркістан облысында мақта дақылдарында көбінесе жапырақтардың өсуі байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және өте жақсы.

 Жетісу облысында қант қызылшасының егістіктерінде «5-ші нағыз жапырақ» фазасы байқалады. Өсімдіктердің жағдайы өте жақсы.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жүгері дақылдарында «5-ші жапырақ» және «13-ші жапырақ» (жапырақтың өсуі) пайда болу фазасы байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы.

 Алматы, Жетісу және Қызылорда облыстарында күріш дақылдары егістіктерінде «3-ші жапырақ» - «масақтану» даму фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы.

Түркістан облысында мақта дақылдарында көбінесе жапырақтардың өсуі байқалады, өсімдіктердің жағдайы негізінен жақсы және өте жақсы.

Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында күнбағыс дақылдарында «2-ші жапырақ жұбы» даму кезеңдері байқалады. Өсімдіктердің жағдайы жақсы және өте жақсы.

Солтүстік Қазақстан облысында майлы зығыр дақылдарында «көктеу» даму фазасы байқалады. Ақтөбе, Алматы, Жетісу облыстарында картоп бақыланатын учаскелерде «көктеу»-«бүйірлі бүршіктердің пайда болуы» даму фазасы байқалады. Солтүстікте және орталықта бақылау учаскелерінде картоп отырғызу жалғасуда.   

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жеміс-жидек (алма, таңқурай, алмұрт, шие) дақылдарында «гүлдену» - «жемістердің қалыптасуы» фазалары байқалады.

Жайылымдық мал шаруашылығының басым аумағындағы жайылымдар әлсіз тапталған, Жамбыл облысының Мойынқұм, Талас және Шу аудандарындағы жайылымдар, Қарағанды облысының Шет ауданындағы жайылымдар және Маңғыстау облысындағы кейбір жайылымдар тапталмаған, Алматы облысының Жамбыл ауданында, Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында қатты тапталған, қалған жайылымдардың бірқалыпты тапталуы байқалған.

Жайылымдардағы шымның жағдайы көбінесе құрғақ, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарындағы кейбір жайылымдарда дымқыл.

Маусымның бірінші онкүндігінде елдің негізгі астық егетін аймақтарында топырақтың ылғалдануы қанағаттанарлық және оңтайлы болған, алайда кейбір аудандарда топырақтың беткі қабатында ылғалдың азаюы байқалады, өйткені бұл аймақтарда жаңбыр біркелкі жаумаған.

 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз